Меню

Страницы

Статья

Ішкі саясат

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі - басқарма) ішкі саясат саласындағы қызметті, оның ішінде болжамдық‑аналитикалық жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру жөнінде жетекшілік етеді.

Басқарманың негізгі міндеті – қоғамдық консолидацияны қамтамасыз етуге, әлеуметтік‑саяситұрақтылықты нығайтуға, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын дамытуға, сондай‑ақ өңірдегі ұлтаралық қатынастарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырады.

2025 жылғы деректер бойынша Ақтөбе облысын халқының саны – 950 944 адам. Облыс аумағында 90-нан астам ұлт өкілдері тұрады.

Этникалық құрамы:

  • қазақтар – 85,5 % (813,6 мың адам);
  • орыстар – 7 % (68,1 мың адам);
  • украиндар – 3 % (31 мың адам);
  • татарлар – 1 % (9,9 мың адам);
  • немістер – 0,7 % (7 мың адам);
  • өзге ұлттар – 2 % (21,3 мың адам).

Облыста 7 тіркелгенсаяси партия филиалыжұмыс істейді:

  •  «Әділет» партиясы;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы;
  • Қазақстанның Халық партиясы;
  • «Ауыл» халық‑демократиялық патриоттық партиясы;
  • Жалпы ұлттық социал‑демократиялық партиясы;
  • «Respublica» партиясы;
  • «Байтақ» жасылдарпартиясы.

Сонымен қатар облыста 17 этномәдени бірлестік және 824 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде:

  • қоғамдық бірлестіктер – 469;
  • қоғамдық қорлар – 224;
  • заңды тұлғалар бірлестігі – 38;
  • жекеменшік мекемелер – 93.

Өңірде 51 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген:

  • баспасөз басылымдары – 42;
  • телеарналар – 2;
  • ақпараттық ресурстар – 3;
  • радио – 3;
  • кабельдік оператор – 1.

Түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру және басқарушылық шешімдердің негізділігін қамтамасыз ету мақсатында облыста жүргізілетін аналитикалық және социологиялық зерттеулердің нәтижелері жүйелі түрде қолданылады.

Осылайша, аталған қызметтің негізін құрайтын – сенімді деректерді жүйелі жинақтау мен талдау, олардың негізінде мемлекеттік саясаттың негізгі постулаттарын іске асыруға тиімді құралдар әзірленеді.

Аналитикалық база тексерілген және тұрақты жаңартылатын деректерге негізделеді.

Негізгі әлеуметтік зерттеулер:

1.«Облыс қоғамдық‑саяси жағдайының негізгі тенденциялары» (2 өлшем, 2000 респондент).

Қоғамдық пікірді тұрақты мониторингілеу нәтижесінде түсіндіру жұмыстарының стратегиялары жедел түзетіледі, бұл өңірдегі ағымдағы жағдайды, әлеуметтік шиеленістің деңгейін және өзгерістер динамикасын ескеруге мүмкіндік береді.

  1. «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру»(1 өлшем, 2000 респондент).

Антикоррупциялық тақырып бойынша социологиялық зерттеу нәтижелері қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талдауға пайдаланылады, бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық және ұйымдастырушылық механизмдерін жетілдіруге ықпал етеді.

  1. «Ақтөбе облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын бағалау» (2өлшем, 2000 респондент).

Азаматтардың өмір деңгейін бағалауға арналған зерттеу практикалық түрде проблемалық аймақтарды анықтап, оларды жою шараларын әзірлеуге мүмкіндік беріп, өңірдің әлеуметтік саясаты мен түсіндіру жұмыстарын түзетуге әсер етеді.

  1. «Ақтөбе облысындағы ұлтаралық қатынастардың жағдайы»(2өлшем, 3000 респондент).

Ұлтаралық өзара әрекеттестіктер туралы деректерді тұрақты жинақтау мен талдау әлеуетті дауларды анықтап, алдын алу үшін уәкілетті органдарға практикалық ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді.

  1. «Ақтөбе облысының 5 өзекті мәселесі бойынша экспресс‑сауалнама»(3000 респондент).

Ағымдағы мәселер бойынша халық пікірін тез бағалау нақты уақыт режимінде қоғамдағы пайда болған тенденцияларға жедел жауап беруге, сондай‑ақ ақпараттық стратегия мен мемлекеттік саясатты ілгерілету құралдарын түзетуге мүмкіндік береді.

Барлық зерттеулер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының методологиялық ұсынымдарын ескере отырып жүргізіледі.

Осылайша, Ақтөбе облысының ішкі саясат саласындағы болжамды-талдамалық жұмыс биліктің, ҮЕҰ мен сараптамалық қоғамдастықтың үйлестірілген қызметін білдіреді.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік зерттеулерді өлшеу және  талдау қорытындылары бойынша басқарма Ақтөбе облысының бейінді мемлекеттік органдарына талдамалық жазбалар мен ұсынымдар жібереді.

Мұндай тәжірибе өзекті сын-тегеуріндерге жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар түсіндіру жұмысының ашықтығы мен нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
27 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы