Ақтөбе облысындағы діни ахуал
Қазіргі таңда өңірдің діни ахуалы қалыпты. Облыс көлеміндегі тіркелген барлық діни бірлестіктер мен филиалдар ҚР-ның заңнамасына сәйкес қызмет атқаруда.
Облыста 10 конфессияны білдіретін 98 діни бірлестіктер мен филиалдар тіркелген. Оның ішінде, 70-ҚМДБ филиалы, 9-православиелік, 2-католиктік, 16-протестанттық және 1- «Кришна санасының Ақтөбе қоғамы» бірлестіктері қызмет етуде.
Діни бірлестіктердің ғибадат ету орындары 89 бірлікті құрайды (70-мешіт, 6-православие шіркеуі, 2-католик шіркеуі, 8-протестанттық ғибадат үйі, 1-Иегова куәгерлерінің ғибадат үйі, 2-Жаңа апостол шіркеуінің үйі). Аталмыш ғимараттар заң талаптарына сай жұмыс атқаруда.
ҚМДБ-ға қарасты 70 мешітте жоғары және арнаулы орта діни білімді (медресе) және теологиялық курстардан өткен 160 діни қызметкерлер (имам, наиб-имам, азаншы, молда, мешіт ұстаздары) жұмыс атқаруда. Олардың 86% жоғары және арнаулы орта теологиялық мамандық иелері.
Облыс бойынша интернет кеңістігінде діни экстремизм мен терроризмнің көріністерін алдын алу және халықты сенімді діни ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында өңірде 59 ресми парақша (15 instagram, 15 facebook, 14 youtube, 15 tiktok) және 2 ресми сайт жұмыс жасайды.