Ақпараттық хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей) хабарлануға және жариялануға тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшері, ұсыну шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер - Орталық сайлау комиссиясына, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша облыстық сайлау комиссиясына берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69, a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz, https://t.me/electionelection
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы
Актобе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, каб. 140,
код: (87132); тел.: 54-15-75; 54-72-11, е-mail: tic_akt_obl@saylau.kz
Телекомпания РИКА ТВ, газета Эврика, радиостанция Актобе-радио, сайт rikatv.kz
Ақтөбе және Актюбинский вестник газеттері

