Меню

Страницы

Статья

ҚР мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы ҚР ОСК қаулысы

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 2-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалсын.
  2. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.
  3. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.
  4. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының сайлау комиссиялары  Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін
  5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Төраға                                                                           Б. Имашев

Хатшы                                                                          С. Мұстафина

Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жылғы 21 қазан,№ 29/334

Дата публикации
21 октября 2020
Дата обновления
21 октября 2020
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы