Меню

Страницы

Статья

«Әлемнің сайлау жүйелері» атты интернет олимпиадаға қатысушыларға сертификаттар тапсыру

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2020 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Халықаралық демократия күніне арналған іс-шаралар шеңберінде ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің Хатшылығы «Әлемнің сайлау жүйелері» атты интернет олимпиада өткізді.  

Олимпиадаға ТМД ПАА-ға мүше мемлекеттердің 56 жоғары оқу орындарынан: Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстаннан 721 студент қатысты.

Қазақстандық студенттер арасында Ақтөбе қаласынан да студенттер қатысқан болатын.  

2020 жылдың 13 қарашасында, сағат 16.00-де, Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясында, олимпиадаға қатысушылар: Қазақ-Орыс халықаралық университетінің студенттері - Роман Денисович Есеналинге, Виктория Сергеевна Гордееваға және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері - Алуа Әлібиқызы Латыпқа, Лаура Жасқайратқызы Балписоваға салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Г.Н.Күнбаева өзінің құттықтау сөзінде, ауқымы жыл сайын кеңейіп келе жатқан осындай халықаралық олимпиадалардың маңыздылығын, әсіресе Роман Денисович Есеналиннің өткен жылы Санкт-Петербургте өткен студенттік дебаттың жеңімпазы болғандығын атап өтті.

Дата публикации
13 ноября 2020
Дата обновления
13 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы