БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2020 жылғы 13 қарашада «Мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірге қатысуы» тақырыбында бейнеконференс байланысы арқылы дөңгелек үстел өткізіліп, оған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясының мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірге қатысуы, мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық ұйымдардың бірлескен жұмысы бөлігіндегі негізгі қағидаттары туралы жұртшылықты ақпараттандыру болып табылады.
Республикалық бейнеконференс байланысы өткеннен кейін облыстық сайлау комиссиясы шақырылған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысымен, Ақтөбе облысының мүгедектер одағының, Қазақ саңыраулар қоғамының, Қазақ зағиптар қоғамының төрағаларымен, мүгедектердің сауаттылығын арттыру мәселелерін, үй-жайлар мен ақпараттардың қол жетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін және сайлау кезінде мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып, барлық материалдардың болуын талқылады.