БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2020 жылы 9 қарашада сағат 16-де облыстық сайлау комиссиясы саяси партиялардың, облыстық ішкі саясат басқармасы өкілдерінің, Ақтөбе қаласының және аудан әкімдері аппараттары басшыларының, аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларының, орынбасарлары мен хатшыларының қатысуымен бейнебайланыс режимінде семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңесте келесі мәселелер егжей-тегжейлі қаралды:
1. Партиялық тізімдерді ұсыну тәртібі туралы.
2. Депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар туралы;
3. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру туралы (тиісті мемлекеттік органдарға сұраулар);
4. Саяси партиялардың филиалдарынан тізім бойынша құжаттарды қабылдау туралы.
5. Депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы.
Семинар-кеңесті қорытындылау барысында тиісті құжаттардың толық ұсынылуы қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Құжаттар дұрыс толтырылмаған жағдайда тіркеуден бас тартылады немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күші жойылады немесе кандидаттар партиялық тізімнен шығарылады.