Меню

Страницы

Статья

Тілдерді дамыту бойынша

  1. Жалпы ережелер
  2. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімі (әрі қарай – Бөлім) Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі заңын, «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
    31 желтоқсандағы № 1045 қаулысын, басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатына қатысты қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
  4. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімнің штаттық кестесі, құрылымы Басқарманың құрылтайшысы (уәкілетті орган) Ақтөбе облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бекітіледі.
  5. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімі:
    1) бөлім басшысы -1 бірлік
    2) бас маман - 4 бірлік

 

  1. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен жауапкершілігі

         Міндеті:

  1. Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру;
  2. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әлібпи негізінде қазақ тілін жаңғырту;
  3. Тіл мәдениетін арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу
  4. Мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған маңызды шаралар кешенiн жүзеге асыру;
  5. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңының орындалуын бақылау;

Функциялары:

Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады, жұмыстарды үйлестіреді;

Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының сақталуына профилактикалық бақылаудың жартыжылдық кестесін әзірлеп, атқарушы органға бекітуге ұсынады, профилактикалық бақылау жүргізеді, ұсынымдар береді;

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуына талдау жасайды, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізуді үйлестіреді;

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының міндеттерін, тікелей нәтижелі көрсеткіштері мен іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Басқарма қызметі мәселелеріне қатысты жоспарлауға қатысады, ұсыныстар енгізеді;

         Облыс тұрғындарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi ұйымдастырушылық жұмыстарды үйлестіреді;

      Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар мен мәселелерді реттеуге қатысады;

      Басқарма құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңнама талаптарына сәйкес келісуге ұсынылған нормативті-құқықтық актілерге сараптама жүргізуді іске асырады; 

Латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылардың үлесін арттыру бағытындағы жұмыстарды атқарады; әдістемелік құралдар, топтамалар, көрнекі өнімдер, таратпа материалдар әзірлейді;

Этностарға этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде мемлекеттік тіл мен ана тілдерін оқыту жұмыстарын үйлестіреді; оқу-әдістемелік құралдарды, сөздіктер мен үлгілік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;

         Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады;

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты үйлестіреді; мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырады;         

         Азаматтарының тілдік капиталын дамыту бағытында үш тілділікті ілгерілету бойынша жобаларды іске асырады, мультимедиялық, баспа құралдарды әзірлеуге қатысады;

      Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуді үйлестіреді;

Облыста қалыптасып отырған тілдік ахуалды зерделеу мақсатында әлеуметтанушылық, талдамалық зерттеу жұмыстарын үйлестіреді;

      Тіл саласының өзекті мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындап  жариялайды, хабарларға қатысып сұхбат береді;

         Мүдделі органдарға бөлімнің негізгі мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды және енгізеді, ведомствоаралық байланыс орнатады;

            Басқарманың тапсырысы бойынша бюджеттік бағдарламалар есебінен іске асырылатын жобалардың орындалу барысын бақылайды;

         Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлейді, жоспарланған шаралардың орындалуын қадағалайды, жүйелейді;

         Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесін арттыруға бағытталған жұмыстарды үйлестіреді, медиа-жоспарын әзірлеп, іске асырады;

         Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған бастамашылық-жобалар өткізуде қолдау көрсетеді;

Тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөнінде мерзімді баспасөз беттерінде, порталдарда, әлеуметтік желілерде материалдар жариялайды, теле және радиохабарлар ұйымдастыруға қатысады;

БАҚ-тармен тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды,  

          Стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде жобалау қызметін іске асырады, облыстық жобалық кеңседе басқармаға қатысты жобалардың орындалуын үйлестіреді;  

Жексенбілік мектептердің оқытушыларына оқу-әдістемелік көмек көрсетеді, біліктілік арттыру жобаларын іске асырады;

        Мемлекеттік органдардағы іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жұмыстарын жүзеге асырады, мекемелердегі құжат айналым жүйесіне тоқсан сайын талдау жасайды;

Тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, түрлі қызметтік салалармен өзара іс-қимыл жасайды, ұсыныстар жинақтайды, жинақталған ұсыныстар негізінде жұмыстың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Тіл мәдениетінің деңгейін көтеру бағытында дәрістер, семинар-кеңестер, конференциялар және басқа да мемлекеттік бағдарламада көзделген шараларды жүзеге асырады;

      Азаматтардан, заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен хаттарға, депутаттық сауалдарға және басқа да құжаттарға уақытылы жауап береді;

Басқарманың істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізеді және құжаттарды уақытында қалыптастырады;

Өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асырады;

       Құқығы мен жауапкершілігі:

1) мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік іс-шараларды дайындау және өткізу, сондай-ақ осы мәселе бойынша басқа мемлекеттік мекемелермен  өзара іс-қимыл жасауға;

2) Қазақстан Республикасыныі тіл туралы заңында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы тиісті органдарға ұсынымдар жасауға;

3) тұрғындардың хаттары мен өтініштерін белгіленген  тәртіппен қарауға;

4) мемлекеттік органдар мен мекемелерден, ведомстволардан, кәсіпорындардан және лауазымды тұлғалардан өз құзыреті шегінде  ақпаратты және материалдарды алуға және сұратуға; 

5) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын  одан  әрі жетілдіру, мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін  арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізуе құқығы бар.

 

  1. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің қызметін ұйымдастыру

6) Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімі өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тиісті өкілеттіктерге ие болады.

         7) Бөлімді Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

8) Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және бөлімге жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікке ие.

9) Бөлім басшысы басқарма басшылығына тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің штаттық кестесі, құрылымы жөнінде ұсыныс береді.

10) Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын адам қол қояды.

Дата публикации
12 февраля 2025
Дата обновления
12 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы