Меню

Страницы

Статья

Ветеринария

Халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттердің бірі болып саналады.

Облыс бойынша қала және аудандық ауылдық округтерде 56 типтік жобада салынған мал қорымы және 122 сібір жарасы көміндісі тіркелген.

Сібір жарасы ауруының алдын алу мақсатында жыл сайын ветеринариялық қызмет пен санитариялық қызмет мамандарымен бірлесіп, мониторинг жүргізу арқылы жергілікті жердегі сібір жарасы  мал қорымдарының және типтік мал қорымдарының  санитариялық-техникалық жағдайын, су басуын анықтап және күйдіргі бойынша стационарлық-қолайсыз пунктерден топырақ сынамалары алынып, зертханалық тексеріледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығының 11-параграфы, мал қорымына (биотермиялық шұңқырларға) қойылатын талаптарына сәйкес мал қорымдары мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған жүйесіне енгізілген. Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген мал қорымдарына адамдар мен жануарлар кіре алмайтындай етіп бүкіл периметрі бойынша биіктігі кем дегенде 1,5 метр болатын қоршаумен қоршалған, "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалармен (аурудың пайда болған күні) белгіленген.

2025 жылға мал қорымдарын ветеринариялық – санитариялық талаптарға сәйкес күтіп ұстауға 18,870 млн теңге қаражат қала және аудандық ветеринариялық стансаларына бөлінді.

А.ж. Ақтөбе қалалық ветеринариялық стансасына 166 000,0 мың. теңгеге - 2 жылжымалы  жүк көлігі шассиі негізінде инсинератор сатып алынды.

Дата публикации
12 февраля 2025
Дата обновления
27 июня 2025
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы