|
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекел тізілімі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны
|
Уәкілетті органның ұстанымы
|
Орындау мерзімі |
|
1. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: 2023 жылдан бастап «педагог-шебер» санатын беру Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне берілді. «Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» санаттарын беруді, тиісінше, білім беру ұйымдары, білім бөлімдері және білім басқармасы іске асырады. Төменгі үш санатты беру барысында «е-Портфолио» электронды платформасы қолданылатын болса, Министрлік тарапынан берілетін санатты алу үшін өтініш қағаз түрінде тапсырылады. Яғни, педагогтер санатты алу кезінде орталықтандырылған жүйе арқылы өтініш қабылдау мәселесі қарастырылмаған. Төменгі санаттарды алу кезінде үйреншікті «е-Портфолио» жүйесін қолданып, өтініштерін оңай бере алатын болса, «педагог-шебер» санатына өтініш беру кезінде көптеген бюрократиялық кедергілерге кездеседі. Бұл өз кезегінде педагогке қолайсыздық туғызып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығыс туғызуы ықтимал. |
Жою бойынша ұсыныс: Орталық атқарушы органға педагогтерді аттестаттауды жүргізуге арналған республикаға орталық электрондық платформа қалыптастыру жөнінде ұсыныс енгізу қажет.
|
Уәкілетті органға ұсыныс жолдау |
|
Жоспар бойынша 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін |
|
2. «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: Білім беру ұйымдарының басшыларының лауазымына сәйкестік жөніндегі біліктілік талаптарын жазған кезде түсінбестіктер бар. Мысалға, қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына қосымша білім беру ұйымында 2 жылдан кем емес уақыт басшының орынбасары лауазым атқарған тұлға ғана тағайындала алады. Облыстағы 49 қосымша білім беру ұйымдарының басым бөлігінде басшы штаты жоқ екендігін ескерсек, басшы лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидатты табу қиындық туғызады. Осы секілді, мемлекеттік қызметшілердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының басшысы бола алмайтындығы, төменгі санаттары бар (педагог, педагог-модератор), яғни біліктілігі төмен педагогтердің толық жинақты мектептерге басшы лауазымдарына тағайындалып кету мүмкіндігі бар. Бұл меритократия қағидатына қайшы келіп, басшы лауазымына конкурс өткізу барысныда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін. |
Жою бойынша ұсыныс: Орталық атқарушы органға біліктілік талаптары бекітілген бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы нақты ұсыныстар енгізу қажет. Атап айтқанда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының басшысының біліктілік талабына «5 жылдан артық білім саласы бойынша мемлекеттік қызметте болған тұлғаның», қосымша білім беру ұйымы басшысының біліктілік талабына «2 жыл орынбасарлық лауазымды қосымша білім беру саласында ғана емес, барлық салалар бойынша атқарған тұлғаның сәйкестігі» жөніндегі нормаларды енгізу қажет. Бұдан бөлек, санаттарға қатысты талаптарды қатаңдатып, біліктілік талаптарына сәйкестікті қарау кезінде, еңбек өтілі мен біліктілік санаттарының бірге қаралуы туралы өзгерісті нақты көрсетіп жазу қажет.
|
Уәкілетті органға ұсыныс жолдау |
|
Жоспар бойынша 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін |
|
3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: Қалалық, аудандық білім бөлімдері «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 73-бабына сәйкес ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы деп көрсетілген. Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Осы бапты негізге ала отырып баладан бөлек тұратын ата-ана білім бөлімдеріне баламен көрісіп тұру бойынша е-өтініш арқылы арыз жазады. Бұл арыз мемлекеттік қызмет арқылы реттелмеген. Сол себепті аталған қызметті көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қатарына қосу сұралады. |
Жою бойынша ұсыныс: Орталық атқарушы органға ұсыныс енгізу қажет.
|
Уәкілетті органға ұсыныс жолдау |
|
Жоспар бойынша 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін |
|
4. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 73-бабында ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді деп көрсетілген. Ата-аналар арасында келісім болмаған жағдайда баланың тұрғылықты жерін анықтау сот арқылы шешіледі. Сотқа жүгінуші ата-ана өз үйінің тұрмыстық жағдайын зерттеп беру туралы аудандық, қалалық білім бөлімдеріне арыз береді. Бұл арыз мемлекеттік қызмет арқылы реттелмеген. Сол себепті аталған қызметті көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қатарына қосу сұралады. |
Жою бойынша ұсыныс: Орталық атқарушы органға ұсыныс енгізу қажет.
|
Уәкілетті органға ұсыныс жолдау |
|
Жоспар бойынша 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін |