Меню

Страницы

Статья

2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызметтердің 176 түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта - 161.

2023 жылы барлығы 11 млн. 288 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта – 11 млн. 160 мың қызмет көрсетіліп, барлық көрсетілген қызметтердің  98,9 %  үлесін құрады (2022 жылы – 97,9%).

2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ЖАО-мен 120 ішкі бақылау іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 1727 заңбұзушылық анықталды.

Ең көп таралған заңбұзушылықтарға:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу - 173(2022 ж. - 543);
  • Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету - 741(2022 ж. - 790);
  • Артық құжаттарды талап ету - 2(2022 ж. - 100);
  • Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту - 26(2022 ж. - 52);
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану - 1(2022 ж. - 6);
  • Өзге заңбұзушылықтар - 784(2022 ж. - 2336).

 

Ішкі бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша 366 ұсыныс берілді, оның 86% орындалды. 

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында бұзушылықтарға жол берілген үшін жауапты 59 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
02 февраля 2024
Дата обновления
02 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы