Меню

Страницы

Статья

«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі

 

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

ҚР Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 47-бабының 2-тармағына сәйкес, Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Көбінесе шағымдар сатып алу рәсімдерін кешіктіруге және шарттар жасасу мерзімдерін бұзуға бағытталған. Сондай-ақ, «кәсіби» шағымданушылардың пайда болуы орын алады, олар үшін шағым мемлекеттік сатып алуды бұзудың заңсыз пайдасының құралы болды.

Шағым беру жүйесіне шектеусіз қол жеткізу үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, тапсырыс беруші мен жеңімпаз шартты орындаудың кешігуі салдарынан шығынға ұшырайды. Солай, барлық шағымдардың жартысы берілген шартты жеңілдікпен келіспеуге немесе өтінімді заңсыз қабылдамауға байланысты.

Айта кету керек, шағымдар көбінесе конкурстың жеңімпазы ретінде анықталмаған жеткізушілерден келіп түседі, яғни, конкурстық комиссияның хаттамалық шешімімен жеңімпаз болып анықталмаған әлеуетті жеткізушілерден. Осылайша, шағымдану сатысында конкурстық рәсімді 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімге кешіктіру.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қаупі бар.

Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманың 0,1% мөлшерінде шағымдарды қамтамасыз етуді салу жөніндегі функционалды енгізу туралы ұсыныс ҚР Қаржы министрлігіне жолдансын (шағым қанағаттандырылған жағдайда - Өнім берушіге соманы қайтару, бас тартылған жағдайда - мемлекет бюджет есебіне жатқызу)

ҚР Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныс енгізу (хат, қызметтік жазба)

 

2024 жылдың екінші жартыжылдығы

 

Дата публикации
20 ноября 2023
Дата обновления
20 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы