|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы * Ұсыныста басқа мемлекеттік органға жіберілген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Жекешелендірудің барлық процесі, сату туралы хабарламаны жариялаудан бастап және жеңімпазды анықтаумен аяқтай отырып, тізілімнің веб – порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Алайда, бүгінгі күнге дейін қабылдау – тапсыру актілері қағаз тасығыштарда рәсімделеді, бұл өз кезегінде бөлім қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалармен, сондай – ақ басқа да мүдделі тұлғалармен тікелей байланысына әкеледі. |
Қызмет көрсетудің жаңа алгоритмін әзірлеу бойынша жоғары тұрған органға ұсыныс |
Жоғары тұрған уәкілетті органның жазбаша түсіндірмесі |
- |
25.12.2024 |
|
2 |
Мемлекеттік сатып алу порталының баға модулі бойынша тауарлар бағанасының орташа құнын анықтау барысында бірқатар қиындықтар туындауда. Кейбір тауарларды анықтау мүмкін емес, себебі мемлекеттік сатып алу порталында баға модулінде болмауына байланысты. Осыған орай үлкен тәуекелге барып, тауарларды жоғары бағамен алып келуіне мүмкіндік туғызады. |
Мемлекеттік сатып алу порталының баға модулін анықтауды автоматтандыру бойынша жоғары тұрған органға ұсыныс |
Жоғары тұрған уәкілетті органның жазбаша түсіндірмесі |
- |
10.12.2024 |
|
3 |
Мүлікті республикалық, облыстық меншіктен ауданның коммуналдық меншігіне берген кезде немесе аудандық коммуналдық меншіктен республикалық, облыстық меншікке берілген кезде алым – берім актілері кеш жасалатындығы анықталды. |
Қызметкерлердің мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін фактілерге жол бермеуі мақсатында әрбір қызметкермен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және осындай әрекеттер үшін жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізу. |
Жоғары тұрған уәкілетті органның жазбаша түсіндірмесі |
- |
Ағымдағы жылдың соңына дейін 2024ж |
|
4 |
Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау туралы нақты алгоритмі (жоқ) көрсетілмеген. Бұл кезеңде, бөлім қызметкерлеріне жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығына немесе асырмағандығына қарамастан қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуға мүмкіндік туғызуы мүмкін. |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» №123 бұйрығының 4 – тарауаына толықтырулар енгізу ұсынылады. |
Жоғары тұрған уәкілетті органның жазбаша түсіндірмесі |
- |
Ағымдағы жылдың соңына дейін 2024ж |
|
5 |
«Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандайда бір көмек тағайындалғандығы туралы хабарлама барады. Алайда мамандарда қосымша хабарласып хабарламаны алып кету туралы баяндайды. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметкер мен азаматтардың тікелей байланысын туғызады. |
Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері туындаас үшін, «Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №26 бұйрығындағы 1,2,3,4 – қосымшалардағы 5 – қосымшасын қағидадан алып тастау ұсынылады. |
Жоғары тұрған уәкілетті органның жазбаша түсіндірмесі |
- |
25.12.2024 |
|
6 |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай – ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру барысында №075/у «Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама» талап етпей оң нәтиже берілген. |
Бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын күшейту. |
- |
- |
Ағымдағы жылдың соңына дейін 2024ж |