Меню

Страницы

Статья

Шалқар ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі

 

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша тәуекел ЖОҚ

1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді электронды аукцион (мемлекеттік тізілім)  арқылы беру жүргізілсін.

Яғни, аукцион  жеңімпазды қолданыстағы  конкурска сәйкес инвестициялардың болжамды көлемімен емес, жер учаскесі үшін нақты ұсынылған баға бойынша анықтау.

 

Заң бұзушылықтарды болдырмау

Басқармаға ұсынылды

1 жыл

2

Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша тәуекел ЖОҚ

2.Бас маман А.Жансепов Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15  сәуірдегі  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына Заң талаптарының орындалуын ұйымдастыру, құжаттар жасақтау, жүргізу ісінде заңдылықтардың және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің қатаң сақталуын бақылау.

Заң бұзушылықтарды болдырмау

Басқармаға ұсынылды

1 жыл

3

«Шалқар  аудандық  тұрғынүй-коммуналдық  шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

тәуекел ЖОҚ

Өнім берушілер жұмыстардың орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда шарттың жалпы сомасынан: ал, міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда міндеттемелер сомасынан 0,1 % мөлшерде тұрақсыздық айыбын өндіру және келісім шарттың жалпы сомасының 10 % аспауы қаралған.

Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 152-бабына сәйкес, мұндай әлеуетті өнім берушілердің тұрақсыздық айыбы өндіруге ескерту хаттары беріліп келеді.

Шарт бойынша жұмыстарды кешіктірген өнім берушілер ескерту хатына сәйкес өз еркімен төлемей, тапсырыс берушінің сот органдарына талап арыз берілуін күтеді. Себебі: көп жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арыздарға берілген қарсы пікірлерде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 297-бабына сілтеме жасалып, тұрақсыздық айыбы 80 % дейінгі мөлшерде азайтылып, сот арқылы шешуге мүмкіндіктер пайдаланады. Бөлім тарапынан мұндай сот шешімдеріне аппеляциялық шағым жасау кезінде жоғары тұрған органнан келісімдер алу қаралған.

 

Мемлекеттік сатып алу туралы екі жақты шарттың міндеттерімен құқықтарын талап етуге кедергілер туғызуда. Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу қажет, ал заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беру туралы ұсынымдар беру.

 

Басқармаға ұсынылды

1 жыл

4

Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімі

тәуекел ЖОҚ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуниикациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығымен бекітілген Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының 48-тармағына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін берілген өтінімдер кері қайтарып алынуы мүмкін өзгерістерді енгізу бойынша ұсыныстар жолдауды қажет етеді.

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

5

1 жыл

5

«Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

тәуекел ЖОҚ

 

 «Ақпараттық жүйе - «Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесін толық интеграциялау

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына хат жолданды

Жыл көлемінде

6

Шалқар аудандық қаржы бөлімі

тәуекел ЖОҚ

Жекешелендіру объектілерін  сату тәртібі  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы ҚР 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген. Аталған  қаулының 91 тармағына сәйкес, жекешелендіру объектiсiн беру, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қабылдап алу-беру актiсi бойынша жүргiзiледi. Рәсімді жеңілдету мақсатында коммуналдық мүліктерді қабылдау-тапсыру актілерін рәсімдеу және қол қою процесін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында автоматтандыру қажет ететіндігі туралы ұсыныс беру.

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық қаржы басқармасына ұсыныс

1 жыл ішінде

7

Шалқар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

тәуекел ЖОҚ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы бойынша келесі тәуекелдер орын алуда:

Аталмыш заңның 21-бабында жарнама және көрнекі ақпараттағы тілдің қолданылуы бойынша талап қойылған. Ал бөлімнің бұл бағытта бақылау-қадағалау функциясы жоқ.

Сондықтан жергілікті атқарушы органдарға бақылау-қадағалау құзыретін қайтару қажеттілігі туындап отыр

Жоғары тұрған органға «Қазақстан республикасындағы тіл туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс-хат жолдау

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасына хат жолдау

1 жыл көлемінде

8

«Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс  бөлімі» ММ Бас маман

тәуекел ЖОҚ

«Documentolg» электронды құжат айналымы және МОИП ақпараттық жүйесінде салымдар көлемін кеңейту кажет. Аталған шаралар «Documentolg» электронды құжат айналымы және МОИП ақпараттық жүйесінде салымдардың кеңейтілген қолжетімділігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

«Documentolg» электронды құжат айналымы және МОИП ақпараттық жүйесін әзірлеушіге ұсыныс әзірлеу.

 

Облыстық және аудандық әкімдіктеріне ұсыныс берілді

1 жыл көлемінде

9

Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

тәуекел ЖОҚ

Енбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген  стандартына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіндегі « (075/у нысанындағы медициналық анықтаманы)» 028/у нысанына өзгертіп, сәйкестендіру  ұсынылады.

 

Ақтөбе  облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс хат

Ақтөбе  облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс хат жолданды

 

10

«Ұлы Борсық» КМК

тәуекел ЖОҚ

 

Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу қажет. Ал, заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беру туралы ұсынымдар беру қажет.

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

«Шалқар  аудандық  тұрғынүй-коммуналдық  шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге ұсыныс хат жолданды

Жыл көлемінде

11

Шалқар қаласы әкімінің аппараты

тәуекел ЖОҚ

            ӘРПК – не сәйкес, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік органның құқықтық актісін қабылдауды қажет етпейтін  жолданымдар-ды оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қарастыру және жолданымды қарау нәтижесімен қабылданатын шешімнің түрлерін «жолданымның мәні бойынша түсініктеме берілді», «ішінара қанағаттандырылды» немесе «толық қанағаттандырылды» деген шешім түрлерімен толықтыру.

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөліміне

1 жыл ішінде

12

Шалқар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

тәуекел ЖОҚ

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс-сапарларға арналғаншығындарды өтеу қағидаларының 2 тарау 3 тармақ 2) тармақшасында              көрсетілген мемлекеттік мекеме жұмыскерлеріне       төленетін тұрғын үйді       жалдау шығындарының     нақты көлемін белгілеуді        ұсыну

Тиісті өзгеріс

тер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыныс берілді

1 жыл ішінде

 

Дата публикации
11 ноября 2023
Дата обновления
11 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы