|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін құрайтын лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы |
«Ақпараттық жүйе - «Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесін толық интеграциялау
Ауыл шаруашылығы техникаларын мемлекеттік тіркеу, есептен алу, техникалық бақылау жасау, кепілге қою, куәліктер беру мемлекеттік қызмет түрінде өтініштерді қабылдау тек электронды түрде жүргізу
Электронды қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы |
Фактілер анықталған жоқ |
|
2 |
Бас маман (мемлекеттік қызмет көрсетуге бекітілген тұлға) |
Мемлекеттік қызмет көрсету, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын электрондық нысанда бекіту кезінде шешімдер қабылдау кезінде қызметтік өкілеттіктерін пайдаланбау туралы ұсыныс.
|
фактілер анықталған жоқ |
|
3 |
«Шалқар аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Жетекші маман |
«Жобаны (сметаны) келісу» мемлекеттік қызметтік міндеттерін орындау барысында ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру кезінде жауапты маманның тексерусіз толық емес құжатты қабылдау мүмкіндігі.
|
Фактілер анықталған жоқ |
|
4 |
«Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ жетекші маманы |
Жергілікті және республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес конкурс өткізуді ұйымдастыру, БАҚ қызметін үйлестіру, мемлекеттің ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың орындалуын қамтамасыз ету. |
Фактілер анықталған жоқ |
|
5 |
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы
|
ӘРПК – не сәйкес, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік органның құқықтық актісін қабылдауды қажет етпейтін жолданымдарды оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қарастыру және жолданымды қарау нәтижесімен қабылданатын шешімнің түрлерін «жолданымның мәні бойынша түсініктеме берілді», «ішінара қанағаттандырылды» немесе «толық қанағаттандырылды» деген шешім түрлерімен толықтыру. Бөлімнің жетекші маманымен мен құжат тапсырушы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары. |
|
6 |
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне «Жер учаскесін кеңейту» жөніндегі қызметті енгізу. Осы қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде жоқ. Осы себепті қала әкімі аппаратының қызметкері мен мұқтаж азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындау мүмкін.
|
Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары
|
|
7 |
«Шалқар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Мекеме басшысы
|
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы бойынша келесі тәуекелдер орын алуда: Аталмыш заңның 21-бабында жарнама және көрнекі ақпараттағы тілдің қолданылуы бойынша талап қойылған. Ал бөлімнің бұл бағытта бақылау-қадағалау функциясы жоқ. Сондықтан жергілікті атқарушы органдарға бақылау-қадағалау құзыретін қайтару қажеттілігі туындап отыр |
Фактілер анықталған жоқ |
|
8 |
«Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ Бас маман |
Мемлекеттік мекеменің қаржылық есебіндегі аяқталмаған құрылыс нысандарын балансқа алмай қаржылық есепті жауып тастау мүмкіндігі
|
фактілер анықталған жоқ |
|
9 |
«Шалқар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Бас маман |
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы бойынша реттелетін республикалық деңгейдегі коммуналдық мүліктерді аудандық деңгейдегі меншікке беру кезінде рәсімді жеңілдету мақсатында коммуналдық мүліктерді қабылдау-тапсыру актілерін рәсімдеу және қол қою процесін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы автоматтандыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы бойынша коммуналдық мүліктерді бір деңгейдегі коммуналдық меншіктен екінші деңгейдегі меншікке беру кезінде қабылдап алу- беру актісін жасақтау кезінде тапсырушы немесе қабылдап алушы тарапынан уақыт мерзімі сақталмайтындықтан, коммуналдық мүліктер қабылдап алу-тапсыру актісінің келу мерзіміне сәйкес қабылданатындықтан, шешім қабылдау кезінде өз қызметтік өкілеттіктерін пайдалануы мүмкін. |
Фактілер анықталған жоқ |
|
10 |
Мекеме басшысы |
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы бойынша бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс-сапарларға арналған шығындарды өтеу қағидаларында тұрғын үйді жалдау шығындары мемлекеттік мекеме жұмыскерлеріне нақты мөлшері көрсетілмегендіктен, басшы өз құзыретін пайдалануы мүмкін. ҚР Ұлттық экономика министрінің 6 қараша 2014 жылғы №72 бұйрығы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің ұсынылатын тізбесіне енгізілетін бос жұмыс орындарының нақты мерзімі (тізімге соңғы неше жылдағы бос орындар кіргізілу керектігі) көрсетілмегендіктен басшыға және жауапты маманға өз құзыреттігін пайдалануға мүмкіншілік туғызады.
|
Фактілер анықталған жоқ |
|
11 |
«Ұлы Борсық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры |
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы бойынша бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс-сапарларға арналған шығындарды өтеу қағидаларында тұрғын үйді жалдау шығындары мемлекеттік мекеме жұмыскерлеріне нақты мөлшері көрсетілмегендіктен, басшы өз құзыретін пайдалануы мүмкін. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 80-100 баптары бойынша жұмыскерлердің тиесілі еңбек демалысы күндерін, өтемақыларын алу кезінде өз құзыретін пайдалануға мүмкіншілік туғызады. |
фактілер анықталған жоқ |
|
12 |
Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбек нарығы секторының қызметкерлері
|
«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері кайтарып алу қағидасының» 1- қосымшасында мемелкеттік қызметтң көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде «таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама (075/у нысанындағы медициналық анықтама)» талап етіледі делінген. Алайда «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығында «Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, мигранттардың, еңбекші-мигранттардың (соның ішінде ЕАЭҚ-ға мүше елдердің) денсаулығы жөніндегі медициналық қорытынды 028/у нысанында» беріледі делінгін. Ал осы бұйрықта 075/у нысаны «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды)» түрінде беріледі деп көрсетілген. Яғни еңбекші мигранттарға берілетін медициналық анықтама нысанын сәйкестендіруді қажет етеді.
|
Ішкі талдау кезеңінде қағидаға сәйкес нысанда қабылданып отыр. Дегенмен, алдағы уақытта нормативтік құқықтық актіні сәйкестендіру қажет. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары. |