Меню

Страницы

Статья

Байғанин ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі

 

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

 

«Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ

 

 

 

 

1

Рәсімдіжеңілдету,сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында коммуналдық мүліктерді қабылдау-тапсыру актілерін рәсімдеу және қол қою процесін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында автоматтандыру қажеттілігі туралы ұсыныспен жоғары  тұрған органдарға  ұсыну

 

 

 

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

 

 

 

 

Ұсыныс хат әзірленуде

 

 

 

 

«Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ

 

 

 

 

 

1 жыл ішінде

 

 

2

Мемлекеттік мүлікті жалға алу шартының  мерзімін ұзарту тәртібі мен шектеуін белгілеу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге  ұсыныспен жоғары  тұрған органдарға  ұсыну

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

 

Ұсыныс хат әзірленуде

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

 

 

 

1 жыл ішінде

 

3

«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 74-бабының 4-тармағының 1-абзац жолының қазақ тіліндегі «жалдауға беруші (жалға беруші)» деген сөздер «жалдаушы (жалға алушы)» болып ауыстыру туралы (орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді) өзгерістер  енгізуге  ұсыныспен жоғары  тұрған органдарға  ұсыну

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

 

Ұсыныс хат әзірленуде

 

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

 

1 жыл ішінде

 

«Байғанин аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» ММ

 

 

 

 

 

 

4

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, округтер әкімдері аппараттарының  мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығының 2 тарауының 4 тармағында «Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.» делінген. Алайда бөлім маманы туыстық қатынасты анықтай алмайды. Бұл мәселені шешу үшін қызмет көрсетушіге туыстық қатынасты анықтау үшін азаматтық хал актілерін тіркеу zags.net.kz ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге рұқсат беру қажет.

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық басқармаға

Хат жолданды

1 жыл ішінде

 

 

 

5

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» бұйрығында сұранысқа ие мамандықтарды анықтау жолы айқындалмаған. Бұл мәселені шешу үшін сұранысқа ие мамандық ұғымына анықтама беру және анықтау қағидатын енгізу керек.

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық басқармаға

Хат жолданды

1 жыл ішінде

 

 

 

 

6

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 Қаулысы 09.12.2014 жылдан кейін жаңармаған. Осының салдарынан жаңа автокөлік маркаларының жанар-жағармай шығыны мөлшерін есептеуде қиындықтар туындайды. Бұл өз кезегінде дұрыс шешім қабылдауға кері әсерін тигізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін аталған қаулыға жаңа автокөлік маркаларын енгізу қажет.

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық басқармаға

Хат жолданды

1 жыл ішінде

 

«Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

7

Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңында көрнекілік ақпарат құралдарын мемлекеттік тілде сауатты жазу және заңға сәйкес орналастыру бойынша кәсіпкерлік нысандарды бөлім ешқандай да жауапкершілікке тарта алмайды, тәртіптік жаза қолдана алмайды. Сол себепті көрнекілік, ақпарат, жарнамалар  ілуде қателіктерге жол беріледі.

 

Тіл туралы заңның көрнекілік, ақпарат құралдарын жарнамалар мен маңдайшалар мемлекеттік заңға сәйкес орындалмағанда заңды, жеке тұлғаға тәртіптік шара қолданудың заңдылықтарын енгізсе.

 

Ұсыным жөнінде Облыстық тілдерді дамыту басқармасына хат жолдау

 

Жыл ішінде

8

Байғанин  аудандық  мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімімен көрсетілетін   спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруге байланысты мемлекеттік қызмет процесінде   Халыққа  қызмет  көрсету  орталығы  бойынша қабылданатын  құжаттардың  толық  толтырылмай  қабылдануынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелі. 

 

Қазақстан  Республикасының  «Дене  шынықтыру  және  спорт  туралы»  2014  жылғы  3  шілдедегі  ҚРЗ  орындау  мақсатында  халыққа  қызмет  көрсету  орталығына  семинар  кеңестерін,  түсіндірме  жұмыстарын  өткізу  арқылы  азаматтардан  дұрыс  толық  толтырылған  құжаттарды  қабылдау  бойынша түсіндірме  жұмыстарын  жүргізу.

 

Семинар кеңестері мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына хат жолдау

 

Жыл ішінде

9

Байғанин  аудандық  мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің  дене  шынықтыру  және  спорт  саласы  бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттар қабылдау барысында құжаттардың жеткіліксіз болуынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

 

Қазақстан  Республикасының  «Дене  шынықтыру  және  спорт  туралы»  2014  жылғы  3  шілдедегі  ҚРЗ  орындау  мақсатында  халыққа  қызмет  көрсету  орталығына  семинар  кеңестерін,  түсіндірме  жұмыстарын  өткізу  арқылы  азаматтардан  жеткіліксіз  құжат  қабылдау жағдайларының алдын алуға бағытталған  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізу.

 

Семинар кеңестері мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына хат жолдау

 

Жыл ішінде

10

enbek.kz  порталы  кеңінен  насихатталмауына  байланысты  кейбір  азаматтар  немесе  азаматшалардың  жұмысқа  орналасу  үшін түйіндеме  мен  құжаттарын тапсыру үшін бөлімге  тікелей  жүгінуі барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

 

құжаттарды  қабылдау  кезінде  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  болдырмау  үшін  бөлім  қызметкерлері  тарапынан  enbek.kz  порталы  туралы тиісті  түсіндірме  жұмыстарын, яғни «enbek.kz»  порталы  бойынша  тіркеу,  конкурс  қарау,  конкурсқа  қатысу  және  жалпы  нұсқаулықты халыққа кеңінен  насихаттау  үшін  әлеуметтік  желілерге  және  ақпараттық  құралдарына  жариялауды  қамтамасыз  ету.

 

enbek.kz  порталы бойынша  тіркеу,  конкурс  қарау,  конкурсқа  қатысу  және  жалпы  нұсқаулық туралы әлеуметтік желіге посттар жариялау

 

Жыл ішінде

 

«Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі»ММ

11

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 2-ші қосымшасының 4-ші бөлігінде мемлекеттік қызмет көрсету нысаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылық басқармасына хат жолдау.

 

 

 

 

Жыл ішінде

12

Шаруа қожалығын жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жер учаскелерін конкурс арқылы табыстауды электронды форматқа өзгерту мүмкіндігін қарастыру

 

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

 

. Ұсыным жөнінде Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жер қатынастары басқармасына хат жолдау.

 

 

 

 

Жыл ішінде

13

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидасына құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын ұсынылатын құжаттар тізбесіне қосу бойынша өзгерістер енгізу жөнінде.

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің Жер ресурстарын басқару Комитетіне ұсыныс беру.

.

 

 

 

Жыл ішінде

14

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 Қаулысы туралы өзгерістер енгізу жөнінде .

 

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

 

 

 

 

Жыл ішінде

 

«Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

 

 

 

 

 

15

Байғанин ауданының әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» № 229 бұйрығының 12-тармағында:

            Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қызметінің бюджет қаражаты есебінен тартады.

            Авторлық қадағалауды жобаға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін бақылайтын жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.

            Техникалық қадағалауды аккредиттелген ұйым орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатыларында жүзеге асырады.

            Бұл ретте техникалық қадағалауды орындалған жұмыстардың көлемін есептеу және олардың сапасын тексеру үшін барлық қажетті құралдары мен жабдықтары бар аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

            Яғни тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым болып табылмайды, өз штатында аттестатталған сарапшылары жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына тексеру жүргізу және олардың көлемдерін есептеу үшін құрал-жабдықтар қаралмаған.

            Іс жүзінде барлық жағдайларда жауапкершілікте тек тапсырыс беруші, ал техникалық және авторлық қадағалау өкілдері іс бойынша елеусіз қалатынын ерекше атап өткен жөн.

            Бөлім қызметкерлерін жауапкершілікке тартудың, және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің себебі Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісіне қол қоюы болып табылады ("Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығы (3-1-қосымша)).

Бұл ретте Тапсырыс берушінің осы үшін арнайы тартылатын техникалық қадағалау қызметінің құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мен сапасы үшін жауапкершілік туралы дәлелдері қабылданбайды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды және тексеруші органдар үшін қызығушылық тудырмайды.

             Жоғарыдағы мән-жайларды баяндай келе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына, бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне (3-1-қосымша) қол қоюды алып тастауын және оған орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамаға (4-1-қосымша) қол қоюды ғана қалдыру жөнінде өзгеріс енгізу.

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық басқармаға

Хат жолданды

1 жыл ішінде

 

 

 

16

Бөлім қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттеу. 

Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Тексеру нәтижесімен немесе түрлі ұсыныстар негізінде бөлім басшысының бұйрықтарымен тәртіптік жазалар қолданылады. 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық басқармаға

Хат жолданды

1 жыл ішінде

17

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 Қаулысы09.12.2014 жылдан кейін жаңармаған.Осының салдарынан жаңа автокөлік маркаларының жанар-жағармай шығыны мөлшерін есептеуде қиындықтар туындайды. Бұл өз кезегінде дұрыс шешім қабылдауға кері әсерін тигізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін аталған қаулыға жаңа автокөлік маркаларын енгізу қажет.

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық басқармаға

Хат жолданды

1 жыл ішінде

 

«Байғанин аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

18

Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің м.а  2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген  Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау Қағидасының 4-тармағына сүйене отырып, Байғанин ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің тарапынан бөлім басшысы А.Межеш, бөлімнің бас мамандары С.Мекалаев және Д.Дәулеткерейұлы  жобалардың паспорттары бойынша объектілерді қарау үшін жұмыс органының комиссия құрамына енгізілген.

Жоғарыда аталған ереженің 2-тармағының 15-тармақшасында инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) – инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдерін қарастыруға және инвестициялық субсидияларды беруде төлеу/бас тарту туралы шешім қабылдауға өкілетті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы деп атап көрсетілген. Яғни, аудандық жергілікті атқарушы органға -  аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөліміне НҚА қабылдауға құзірет берілмегендіктен, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Комиссия құрамынан аудандық атқарушы орган қызметкерлерін алып тастау ұсынылады

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына  ұсыныс хат жолдау

 

1 жыл ішінде

19

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 11-тармағына өзгерістер енгізу. Яғни, өтініштердің тіркеу уақытын ұзарту.

 

Өтініштердің тіркеу уақытын ұзарту

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына  ұсыныс хат жолдау

 

1 жыл ішінде

20

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 Қаулысы 09.12.2014 жылдан кейін жаңармаған. Осының салдарынан жаңа автокөлік маркаларының жанар-жағармай шығыны мөлшерін есептеуде қиындықтар туындайды. Бұл өз кезегінде дұрыс шешім қабылдауға кері әсерін тигізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін.

Бұл мәселені шешу үшін аталған қаулыға жаңа автокөлік маркаларын енгізу қажет.

 

Уәкілетті органдарға ұсыныс хат жолдау

 

1 жыл ішінде

 

«Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

21

Меценаттарды ауданға тарту бойынша жұмыстар атқару

Өкілетті органға ұсыныс хат жазу

Облыстық рухани жаңғыру орталығы және облыстық ішкі саясат басқармасы

 

 

 

 

1 жыл ішінде

22

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша интернет ресурстарда жұмыстар жүргізу

 

Бейнероликтер мен инфографикалар

Әлеуметтік желілер

 

1 жыл ішінде

23

 Мамандарды жұмысқа қабылдау кезіндегі тәуекелдер

 

Enbek.kz парталы бойынша, тіркеу, конкурс қарау, конкрусқа \қатысу және жалпы нұсқаулықта кеңінен насихаттау үшін бейнероликтер мен инфографикалар

Әлеуметтік желілер

 

1 жыл ішінде

24

Мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін арттыру мақсатында тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу тәжірибесін жоюды қамтамасыз ету

Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауды шектеу бойынша тиісті НҚА өзгеріс енгізу туралы ҚР мемлкеттік қызмет істері аганттігіне ұсыныс хат жолдау қажет етеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

 

1 жыл ішінде

 

«Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

25

Қазақстан Республикасының мүгедек-тігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы»Заңының 25 бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланатын көлік құралына және ғимараттар мен үй-жайларға кедергісіз кіріп шығуына ұлттық стандартқа сәйкес жағдай жасауға міндетті делінген.

ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 24 сәуірдегі №235 бұйрығына сәйкес Халықтың жүріп-тұруы шектеу топтары үшін қол жеткізу қамтамасыз етілді, оны халықтың әлеуметтік қорғау органдары растайды делінген.

Қазірі уақытта растауды жүргізуші жергілікті атқарушы орган ретінде әлеуметтік бөлімнің маманы жүргізіп келеді. Әлеуметтік салада біліктілік талаптары бойынша экономика, құқық, педагогика және әлеуметтік бағыттағы мамандар қызмет атқарады.

Яғни, әлеуметтік сала мамандары мүгедектігі бар адамдарға қолжетім-ділікті қарап, қорытынды шығару кезінде құрылыс және сәулет саласының маманы болмағандықтан, аталған қорытынды бойынша құзырлы органдармен тексеру қорытындысы заңсыз болып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол беруі мүмкін.Бұл мәселені шешу үшін

аталған функцияны сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзіретіне беру туралы өзгеріс енгізу ұсынылады.

 

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық басқармаға

Хат жолданды

1 жыл ішінде

26

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының талаптарына сәйкес мемлекеттік корпорацияның қызметтері өтінішпен қоса тіркелген құжаттардың электронды көшірмелерін қоса бере отырып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүйесінде электронды өтінім рәсімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйе-сіне жолдайды.

Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызмет түрі бойынша шешімді қабылдау үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарының келісімін күтеді.

Қағиданың 5-тармағында  жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көзделген талаптарына сәйкес тексереді, оның ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген соммасы өтініште көрсетілген рұқсаттың қолдану мерзіміне сәйкес келетінін тексере-тіндігі белгіленген.

Тексеру барысында еңбекші көшіп келушілердің Қазақстан Республикасы-на кірген және шыққан уақыттарына ішінара қателіктер кетуінен электронды ұсынылған құжаттардан нақты қанша уақытқа келгенін кейбір жағдайларда анықтауға мүмкіндік жоқ.

Сол себепті тиісті төленетін АЕК-тің нақты көлемін анықтау қиындық туғызады. Бұл жағдай «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша еңбекші көшіп келушілерге жұмыс беруші ҚР-ның азаматы ақпараттық жүйеге көшірмесі алынған құжаттарды толық енгізілмеуі рұқсат беруші органның маманын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі ықтимал.

Бұл мәселені шешу үшін«Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне еңбекші көшіп келушілердің ҚР-на келген кеткен уақытын нақты көрсетілген функциялардың қажеттігін ескере келе, интеграциялау ұсынылады. ҚР ІІМ-нің автоматтандырылған жүйе-сін интеграцияланған жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады.

 

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық басқармаға

Хат жолданды

1 жыл ішінде

27

«Қазақстан Республикасының мемле-кеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстары-ның және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 Қаулысы09.12.2014 жылдан кейін жаңармаған.Осының салдарынан жаңа автокөлік маркаларының жанар-жағармай шығыны мөлшерін есептеуде қиындықтар туындайды. Бұл өз кезегінде дұрыс шешім қабылдауға кері әсерін тигізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін.

Бұл мәселені шешу үшін аталған қаулыға жаңа автокөлік маркаларын енгізу қажет.

 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық басқармаға

Хат жолданды

1 жыл ішінде

 

Дата публикации
10 ноября 2023
Дата обновления
10 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы