Меню

Страницы

Статья

Байғанин ауданы әкімдігінің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 

№

р/с

Сыбайлас

Жемқорлық

Тәуекеліне

Шалдыққан

лауазым

Сыбайлас

Жемқорлық

Тәуекелдері

Бар

Лауазымдық

өкілеттіктер

 

Сыбайлас

Жемқорлық

тәуекелдері

 

Байғанин аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі

1

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, округтер әкімдері аппараттарының  мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығының 2 тарауының 4 тармағында «Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.» делінген. Алайда бөлім маманы туыстық қатынасты анықтай алмайды. Бұл мәселені шешу үшін қызмет көрсетушіге туыстық қатынасты анықтау үшін азаматтық хал актілерін тіркеу zags.net.kz ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге рұқсат беру қажет.

 

Фактілер анықталған жоқ.

2

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» бұйрығында сұранысқа ие мамандықтарды анықтау жолы айқындалмаған. Бұл мәселені шешу үшін сұранысқа ие мамандық ұғымына анықтама беру және анықтау қағидатын енгізу керек.

Фактілер анықталған жоқ.

3

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 Қаулысы 09.12.2014 жылдан кейін жаңармаған. Осының салдарынан жаңа автокөлік маркаларының жанар-жағармай шығыны мөлшерін есептеуде қиындықтар туындайды. Бұл өз кезегінде дұрыс шешім қабылдауға кері әсерін тигізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін аталған қаулыға жаңа автокөлік маркаларын енгізу қажет.

 

Фактілер анықталған жоқ.

 

«Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ

4

Бөлім басшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі, бас мамандар, яғни есепшіден басқа

Қабылдау-тапсыру актілері қағаз тасығыштарда рәсімделеді

 

Фактілер анықталмаған

 

5

Бөлім басшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі, бас мамандар, яғни есепшіден басқа

Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға шарт жасалады

 

Фактілер анықталмаған

 

6

Бөлім басшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі, бас мамандар, яғни есепшіден басқа

Шарт жасау барысында туындайтын құқықтық олқылықтар

Фактілер анықталмаған

 

 

«Байғанин аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

7

Ауыл шаруашылығы саласының бас маманы

АӨК субъектілерінің шеккен шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша ұсыныстарына тексеру актісін толтырады;

Фактілер анықталмаған

 

8

Ауыл шаруашылығы саласының бас маманы

Ауыл шаруашылығы және арнайы техникаларға техникалық байқау жүргізеді;

 

Фактілер анықталмаған

 

9

Есеп жөніндегі бас маман

Жанар-жағармай есебін жүргізеді;

Фактілер анықталмаған

 

 

«Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

10

Бөлім басшысы

 

Бас маман

Тіл туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша ай сайын мониторинг жүргізу, әдістемелік көмектер көрсету және түсініктеме жұмыстарын жүргізу

Фактілер анықталған жоқ

11

Бөлім басшысы

 

Бас маман

Бөліммен көрсетілетін   спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметті сапалы көрсету

Фактілер анықталған жоқ

12

Бөлім басшысы

 

 

Бас маман

Бөлімде еңбек шарты негізінде тартылатын жұмыскерлердің бос жұмыс орындарына конкурс жариялау, еңбек шартын әзірлеу және т.б. әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында enbek.kz порталы арқылы тиісті жұмыстар жүргізу

Фактілер анықталған жоқ

 

«Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі»ММ

13

Жер қатынастары бөлімі басшысы және бас маманы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазагдағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызмет

 

Фактілер анықталған жоқ

14

 Жер қатынастары бөлімінің басшысы

  Жер қатынастары бөлімінің басшысы  Конкурс Жер кодексінің 43, 43-1 баптарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына»

Фактілер анықталған жоқ

15

Жер қатынастары бөлімі басшысы және бас маманы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі Қағидасына құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын ұсынылатын құжаттар тізбесіне қосу бойынша өзгерістер енгізу

 

Фактілер анықталған жоқ

16

Жер қатынастары бөлімі басшысы және бас маманы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 Қаулысы

Фактілер анықталған жоқ

 

«Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

17

Бөлім басшысы

         Бас маман

Байғанин ауданының әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» № 229 бұйрығының 12-тармағында:

            Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қызметінің бюджет қаражаты есебінен тартады.

            Авторлық қадағалауды жобаға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін бақылайтын жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.

            Техникалық қадағалауды аккредиттелген ұйым орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатыларында жүзеге асырады.

            Бұл ретте техникалық қадағалауды орындалған жұмыстардың көлемін есептеу және олардың сапасын тексеру үшін барлық қажетті құралдары мен жабдықтары бар аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

            Яғни тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым болып табылмайды, өз штатында аттестатталған сарапшылары жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына тексеру жүргізу және олардың көлемдерін есептеу үшін құрал-жабдықтар қаралмаған.

            Іс жүзінде барлық жағдайларда жауапкершілікте тек тапсырыс беруші, ал техникалық және авторлық қадағалау өкілдері іс бойынша елеусіз қалатынын ерекше атап өткен жөн.

            Бөлім қызметкерлерін жауапкершілікке тартудың, және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің себебі Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісіне қол қоюы болып табылады ("Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығы (3-1-қосымша)).

Бұл ретте Тапсырыс берушінің осы үшін арнайы тартылатын техникалық қадағалау қызметінің құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мен сапасы үшін жауапкершілік туралы дәлелдері қабылданбайды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды және тексеруші органдар үшін қызығушылық тудырмайды.

             Жоғарыдағы мән-жайларды баяндай келе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына, бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне (3-1-қосымша) қол қоюды алып тастауын және оған орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамаға (4-1-қосымша) қол қоюды ғана қалдыру жөнінде өзгеріс енгізу.

Фактілер

анықталған жоқ

18

Бөлім басшысы

Бас маман

Бөлім қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттеу. 

Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы29 желтоқсандағы№152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Тексеру нәтижесімен немесе түрлі ұсыныстар негізінде бөлім басшысының бұйрықтарымен тәртіптік жазалар қолданылады. 

Фактілер

анықталған жоқ

19

Бөлім басшысы

Бас маман

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 Қаулысы09.12.2014 жылдан кейін жаңармаған.Осының салдарынан жаңа автокөлік маркаларының жанар-жағармай шығыны мөлшерін есептеуде қиындықтар туындайды. Бұл өз кезегінде дұрыс шешім қабылдауға кері әсерін тигізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін.

Бұл мәселені шешу үшін аталған қаулыға жаңа автокөлік маркаларын енгізу.

 

Фактілер

анықталған жоқ

 

«Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

20

Бас маманы

 

Ауданымызды көркейту мақсатында ауданымыздан шыққан жеке кәсіпкерлерге, ауыл жастарына, түлектерге және меценаттарға жобаларды демеушілік қолдау ұсынылуы бойынша жұмыстану

 

Фактілер анықталған жоқ

21

Бас маманы

 

Enbek.kz парталы бойынша, тіркеу, конкурс қарау, конкрусқа \қатысыу және жалпы нұсқаулықта кеңінен насихаттау үшін әлеуметтік желілерге және ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз ету,халықты портал туралы көбірек құлақтандыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын көбейту.

 

Фактілер анықталған жоқ

22

Бас маманы

 

Мемлекеттік қызметшінің жапкершілігін арттыру мақсатында тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу тәжірибесін жоюды қамтамасыз ету :

 

Фактілер анықталған жоқ

23

Бас маманы

 

Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауды шектеу бойынша тиісті НҚА өзгеріс енгізу туралы ҚР мемлкеттік қызмет істері аганттігіне ұсыныс хат жолдау қажет етеді.

Фактілер анықталған жоқ

 

«Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

24

 бас маман

ҚР Ұлттық экономика министірінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №235 бұйрығына сәйкес Халықтың жүріп-тұруы шектеулі  топтары үшін қол жеткізу қамтамасыз етіледі,оны халықтың әлеуметтік қорғау органдары растайды делінген 

Фактілер анықталмаған

 

25

жетекші маман

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің «Шетел жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

 

Фактілер анықталмаған

 

26

сектор меңгерушісі

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағар май материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы»

 

Фактілер анықталмаған

 

 

Дата публикации
10 ноября 2023
Дата обновления
10 ноября 2023
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы