Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі

     

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

"Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ

 

Бөлім басшысы

Бас маман

-          Мемлекеттік қызмет көрсету

-           Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау

-           ЖЖЕ әзірлеу

-           Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына өзгерістер енгізу

Фактілер анықталған жоқ

Бөлім басшысы

Бас маман

"тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" қызметін ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінімді алған кезде түйісу болмайды. Яғни, бұл қызмет іс жүзінде электронды болып табылады, ол қағаз тасымалдағышта ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді электрондық түрде береді, содан кейін ол бөлімге түседі, маман оны өңдейді және келісу үшін қағаз нысанда қала әкімдігіне жібереді. Бұдан әрі, әкімдікпен келісілгеннен кейін сәулет-жоспарлау тапсырмасы электрондық түрде, ал тікелей қаулы қағаз түрінде беріледі.

Фактілер анықталған жоқ

 

"Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ

 

Басшы орынбасары

"Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ-де 7 мемлекеттік қызметші және 1 штаттан тыс қызметкер жұмыс істейді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес бөлімде кадрлар жөніндегі 1 маман, заңгер және мемлекеттік сатып алу порталы бойынша жұмыс істейді. Стандарт бойынша бұл жұмыстармен бірнеше маман жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты, бөлімдегі бір маманның заңгер, мемлекеттік сатып алушы, кадр қызметкерінің жұмысын орындауы үшін бұл қызметкерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта әкім аппаратының басшысына қызметтік хат жазып, 1 штат маман беру бойынша ұсыныс берді.

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық заңына сәйкес ЖАО ҚР Мемлекеттік рәміздерінің заңға сейкес қолданылмауына сәйкес әкімшілік хаттама толтырады. Арыз келіп түскеннен бастап бөлімінің бас маманы планшет арқылы хаттама толтыруға мүмкіндігі жоқ. Себебі планшет арқылы хаттама толтыру бағдарламасы соңына дейін жетілдірілмеген. Сол себептен заң аясында құқықбұзушыны жауапқа тарту мүмкін болмай отыр. Бұл жөнінде Облысытқ ішкі саясат басқармасына хабарланды. Аталған кемшілікті «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай реестры» (ЕРАП) бағдарламасын техникалық тұрғыдан жетілдіру керек. 

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман

Қалалық ішкі саясат бөлімінде 7 маман жасайды. Оның 2-еуі әкімшілік секторында. 1 бас маманның міндетіне бірнеше лауазымдық нұсқаулық жүктелген. Соның ішінде, дін бағытындағы жұмыс.  Бұл бағыттар бойынша хаттардың барлығы «ҚБП» санатына жатады. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алайда 1 маманның жұмыс жүктемесі өте көп болуына, маман жетіспеуіне байланысты аталған бағыт өз денгейінде жүрмей отыр. Құзырлы органдардың тексеріс нәтежелерінің қорытындысына сәйкес дін бағыты бойынша қосымша 1 мемлекеттік қызметкер бөлу бойынша тапсырма берілген. Алайда аталған сұрақ шешімін тапқан жоқ.

Фактілер анықталған жоқ

 

«Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі» ММ

 

Бөлім басшысы

Тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырмаларын қарау; Қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға)өзгерістер немесе толықтырулар енгізу Аукцион конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау

Фактілер анықталмаған

 

Сектор меңгерушісі

Тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырмаларын қарау; Қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға)өзгерістер немесе толықтырулар енгізу Аукцион конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау

Фактілер анықталмаған

 

Бас маман

Тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырмаларын қарау; Қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға)өзгерістер немесе толықтырулар енгізу Аукцион конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау Сатып алу мониторингі сатып алуды жүзеге асыру, оның ішінде сатып алу жоспарлары-кестелерін іске асыру туралы ақпаратты жинау, жинақтау, жүйелеу және бағалау арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылатын сатып алу саласындағы байқаулар жүйесін білдіреді.

Фактілер анықталмаған

 

 

"Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ 

 

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Бас маман

"Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Орта және жоғары қысымды газ құбырын тіркеуді жүргізеді.

Газ құбырын тіркеу үшін объектінің жобалау-сметалық және атқарушылық техникалық құжаттамасы қажет. Тіркеу мерзімдері немесе тіркеуден бас тарту Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады.

Осыған сәйкес, ішкі талдау барысында бұл мәселе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды тудыруы мүмкін.

Фактілер анықталған жоқ

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Бас маман

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына тікелей мекемеге келу арқылы «тұрғын үйдің апатты деп танылғаны туралы» анықтама береді.

Анықтама беру бұдан бұрын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер санатында болды. Алайда, анықтама беру ұызметінің тиімсіздігіне байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер санатынан алынып тасталды.

Бұл қызметті «электрондық» форматқа ауыстыруды және «E-Gov» порталы арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер тізбесіне енгізуді ұсыну.

Осыған сәйкес, ішкі талдау барысында бұл мәселе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды тудыруы мүмкін.

Фактілер анықталған жоқ

 

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

Бас маман (мемлекеттік қызмет көрсетуге бекітілген маман)

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуда жұмсалған шығындарды өтеуге өтеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде шешім қабылдау кезінде қызметтік өкілеттіктерді пайдалану;

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман (мемлекеттік қызмет көрсетуге бекітілген маман)

Тұрғын үй сертификатын төлеуге немесе төлеуден бас тартуға қатысты мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шешім қабылдау кезінде қызметтік өкілеттіктерді пайдалану;

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман (мемлекеттік қызмет көрсетуге бекітілген маман)

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы №114 шешіміне сәйкес, әлеуметтік көмекті тағайындауда құжаттарды қабылдау немесе құжаттарды қабылдамау кезінде қызметтік өкілеттіктерді пайдалану;

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман (мемлекеттік қызмет көрсетуге бекітілген маман)

Еңбек көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шешім қабылдау кезінде қызметтік өкілеттіктерді пайдалану;

Фактілер анықталған жоқ

 

"Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

 

Бөлім басшысы

Басшының орынбасары

Бас маман

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 № 255 бұйрығымен бекітілген ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және ЖТҚ-ға құқық беру ережелеріне сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі - ЖТҚ) үшін ТҚ алу үшін кезекте тұрған ҚР азаматтарына жер учаскелерін (бұдан әрі - ТҚ) беру.

Фактілер анықталмаған

 

Бөлім басшысы

Басшының орынбасары

Бас маман

 ЖТҚ үшін жер учаскелеріне құқықты иелену жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде ҚР Жер кодексінің 43,44-бабына сәйкес жүргізіледі.

Фактілер анықталмаған

 

Бөлім басшысы

Басшының орынбасары

Бас маман

ЖТҚ үшін берілген ЖҚ-ны игеру кезеңінде беру ҚР ҚК 92-бабына сәйкес жалға алу құқығымен жүргізіледі.

Фактілер анықталмаған

 

Бөлім басшысы

Басшының орынбасары

Бас маман

Бағбандық үшін жер учаскелеріне құқық беру жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жүргізіледі.

Фактілер анықталмаған

 

Бөлім басшысы

Басшының орынбасары

Бас маман

Жер учаскелерін электрондық порталды (аукцион) пайдалана отырып сату

Фактілер анықталмаған

 

Бөлім басшысы

Басшының орынбасары

Бас маман

ҚР Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері 10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беріледі.

Фактілер анықталмаған

 

 

«Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ+

 

Мәдени шаралар ұйымдастыру секторы

Мәдени шаралар ұйымдастыру секторы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы  №207 «Мәдениет туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты  мәдениет үйілері мен қалалық кітапханалардың жұмысын ұйымдастырады, өткізетін мәдени іс-шараларын бақылайды, алдағы жоспарларын қадағалайды. Алайда, бөлімнің штат саны 6 бірлікті құраса, ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 344 адам жұмыс жасайды. Бұл ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысына толық көлемде бақылау жасауға мүмкіндік бермейді. Мекемеде штаттық бірліктердің жетіспеушілігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы бар.

Фактілер анықталған жоқ

Тілдерді дамыту секторы

Тілдерді дамыту секторы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңын басшылыққа алып, жұмыс жасайды. Заң бойынша келесі тәуекелдер орын алуда:

Аталмыш заңның 21-бабында жарнама және көрнекі ақпараттағы тілдің қолданылуы бойынша талап қойылған. Алайда бөлім тарапынан көрнекі ақпарат құралдарын мемлекеттік тілде жазу және заңға сәйкес орналастыру бойынша кәсіпкерлік нысандарға ешқандай жауапкершілік тарта алмайды. Сол себепті деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін ілуде қателіктерге жол беріліп отыр.

Бүгінде көрнекі ақпарат, жарнама  қоғам санасына тікелей әсер ететіні белгілі. Себебі бөлімге заң талаптарын орындамау бойынша түрлі пікірлер мен шағымдар түсуде.

Фактілер анықталған жоқ

Бөлімнің бас маман-бас есепшісі

Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алу  саласына, оның ішінде конкурстық рәсімдерді өткізу, шарттар жасасу кезінде жол берілу ықтималдығы бар.  Өйткені, осы бағыттағы ауқымды қызметтер 1 штаттық бірліктегі бас-маман-бас есепшіге жүктелген. Сонымен қатар, бөлімде заңгер маманының болмауы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте де айтарлықтай қиындықтарды туғызуда.

Фактілер анықталған жоқ

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

 

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Бас маман

1.    Аттракциондарды іске қосу және пайдалану барысында қойылатын қауіпсіздік талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Стандартқа (ҚР СТ 3359-2019) сәйкес аттракциондар белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алғанға дейін жергілікті атқарушы органға есепке қоюға жатады. Осы мақсатта иесі немесе пайдаланушы ұйым аттракциондарды есепке қою үшін «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

- мәлімдеме;

- аттракционның төлқұжаты;

- штатта оқытылған және білімін тексеруден өткен мамандардың болуын растайтын құжаттар;

- Нормативтік қызмет мерзімін өтеген аттракциондар үшін техникалық

куәландыру жөніндегі техникалық есеп;

- аттракционның пайдалануға дайындығы туралы сарапшының қорытындысы;

- техникалық дайындық актісі;

- аттракционды пайдалануға қабылдау актісі.

Алайда, бақылаушы органдардың өкілеттіктері шектеулі. Атап айтқанда:

          - ойын-сауық (аттракциондар) саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тіркеу есебін жүргізу тәртібі айқындалмаған.

Осыған сәйкес, ішкі талдау барысында бұл мәселе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды тудыруы мүмкін.

 

Фактілер анықталған жоқ

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Бас маман

  1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 6803 қаулысымен «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ балалардың ойын алаңдарына арналған Аттракциондардың, жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып анықталды.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша бірқатар проблемалық мәселелер бар, атап айтқанда:

- Кәсіпкерлік кодексте аттракциондарды пайдалануды бақылау қандай да бір органға бекітілмегендіктен, аттракциондарды қауіпсіз пайдалануға, ойын алаңдарын жарақтандыруға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде қандай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу керек?;

- заңнамада аттракциондарды пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершілік белгіленбеген;

- ЖАО-ның Техникалық реттеу заңнамасы саласындағы талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікке тарту жөніндегі іс-қимыл алгоритмі.

 

Фактілер анықталған жоқ

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Бас маман

  1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес стационарлық емес сауда объектілерінің орындарын және (немесе) бағыттарын жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.                   2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын бөлу кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады және жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.                   2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындаған кезде олардың нақты орналасу орны, бағытының схемасы, алатын алаңы, бір жылдан кем емес және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілген қызмет саласы көрсетіледі.

Жергілікті атқарушы орган Ішкі сауда қағидаларына сәйкес, стационарлық емес сауда объектілерінің орындарын және (немесе) бағыттарын бекіту кезінде жақын орналасқан инфрақұрылымды қалай белгілейтіні және оны ескерудің мәні айқындалмаған.

Бұл өз кезегінде құқықтық олқылықтарға алып келеді.

Осыған сәйкес, ішкі талдау барысында бұл мәселе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды тудыруы мүмкін.

Фактілер анықталған жоқ

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Бас маман

4.         Ішкі талдау нәтижелері бойынша Бөлімнің жалпы қызметі бойынша орналасқан ғимаратта ақпараттық стендтің болмауы, яғни Бөлімнің қызметі туралы ақпараттың жеке және заңды тұлғаларға қол жетімсіздігі, ақпараттандыру қабырғасының болмауы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды тудыруы мүмкін.

Фактілер анықталған жоқ

 

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

 

Бөлім басшысы

Бас маман

1. «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру».

2. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу».

3. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру».

Фактілер анықталған жоқ

(барлық қызметтер электронды түрде көрсетіледі)

 

"Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі бөлімі" ММ

 

Сектор меңгерушісі

Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсетуді бекіту туралы қағидаларды түсіндіру "Авансты қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талап қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде шарттар жасалған өнім берушілерге қолданылмайды".

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман

Істер номенклатурасын бекіту

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі негізде талдау жүргізу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман

Қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарау

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман

Құжат айналымын барлық техникалық құжаттарды электронды нұсқада қарастыру

Фактілер анықталған жоқ

 

"Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ

 

Басшының орынбасары

Сектор меңгерушісі

 Коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру рәсімін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалау, Жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттарын дайындау және жасасу, сатып алу-сату шарттары талаптарының орындалуын бақылау. Мемлекеттік меншік объектілерін пайдалануға және сенімгерлік басқаруға өтеусіз беруді ұйымдастыру мен бақылауды уақтылы жүзеге асыру. Қаланың коммуналдық меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану немесе жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Мүлікті қабылдау және беру жөніндегі актіні дайындау; Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жекелеген негіздер бойынша қаланың коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті сату үшін құжаттарды дайындау;

Фактілер анықталған жоқ

Басшының орынбасары

Сектор меңгерушісі

Бас маман

Коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен немесе онсыз жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жалға беру. Жалдау ақысының есебі мен мөлшерін дайындау, Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлікті жалға алу шарттарын ресімдеу мүлікті жалға беру бойынша сауда-саттық бойынша материалдарды әзірлеу. Жалдау шарттарының орындалуын бақылау. Жалға алудың заңдылығы және мүлікті жалға алу шарттарын орындау мәселелері бойынша бірлескен рейдтер жүргізу.Коммуналдық меншік объектілерін сатып алу құқығынсыз, сатып алу құқығымен не шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен сенімгерлік басқаруға беру, сондай-ақ сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Фактілер анықталған жоқ

 

«Ақтөба қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ

 

Бөлім басшысы

Бас маман

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы «CHICAGO» ЖК  арасында келісім шарт жасалды. Келісім шартта көрсетілген міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін бір жақты келісім шартты бұзылды. Заңнамаға сәйкес  талаптарын сақтау және сот арқылы кемшіліктерін жою.

Фактілер анықталған жоқ

Бөлім басшысы

Бас маман

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы «Кушенова» ЖК  арасында келісім шарт жасалды. Келісім шартта көрсетілген міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін бір жақты келісім шартты бұзылды. Заңнамаға сәйкес  талаптарын сақтау және сот арқылы кемшіліктерін жою.

Фактілер анықталған жоқ

Аудан әкімінің орынбасары

Бөлім басшысы

Бас маман

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамада көрсетілген кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқару

Фактілер анықталған жоқ

 

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынстары бөлімі» ММ

 

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Бас маман

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру мемлекеттік мүлік тізілімі e-qazyna.kz арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» ереженің 21 – тармағына сәйкес (бұдан әрі - № 673 қағидалар) Жекешелендіруге жататын тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында Порталда электрондық форматта ЭЦҚ-ны пайдаланумен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалады.

Алайда, мәліметтер базасында e-qazyna.kz порталда электрондық форматта ЭЦҚ пайдалана отырып, жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу бойынша функция жоқ.

Ішкі талдау жүргізу барысында 2020 жылы жою үшін жүйеге қосымша функцияны енгізу бойынша «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ-ға ұсыныс енгізу ұсынылды e-qazyna.kz тұрғын үй комиссиясына шығарусыз жекешелендіру шартын жасасуға өтініш қабылдау үшін.

Бөлім «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ-ға ұсыныс жолдады, алайда бұл нәтиже бермеді.

 

Фактілер анықталған жоқ

Бөлім басшысы

Сектор меңгерушісі

Бас маман

№ 673 Қағидаларға сәйкес құжаттарды қабылдау және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz.

Бұл ретте, жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке қию немесе бұзу туралы куәліктің (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың туу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) мәліметтері, оларға құқықта тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтер басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы соттың шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілігін растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне ұсынылады.

Бүгінгі таңда жүйеде көрсетілген мәліметтерді алу мүмкін емес.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы осы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ, демек, бұл фактіні тұрғын үйді жекешелендіруден дәлелді бас тартудың себебі ретінде көрсетуге құқығы жоқ.

            Алайда, заңды емес шешім қабылдауды болдырмау үшін уәкілетті орган көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ала алатын қажетті мәліметтердің болмауы себебінен өтінімдерді өшіруге мәжбүр.

E-qazyna мемлекеттік мүлік жүйесіндегі құжаттарды автоматты түрде байланыстыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ базасымен интеграцияның болмауы.

Баяндалғанның негізінде құжаттарды автоматты түрде тарту үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ базасынан жүйені интеграциялау жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажет.

Фактілер анықталған жоқ

 

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ

 

Бөлім басшысы

 

Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады, заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады, қызметтік құжаттамаға қол қояды, заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

"Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды

Фактілер анықталған жоқ

Сектор меңгерушісі

 

Жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша қалалық спорттық жарыстар өткізеді, спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді, спортшыларға спорттық разрядтар береді: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы Біліктілік санаттарын береді: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы – спортшы, спорт төрешісі

Фактілер анықталған жоқ

Бас маман

Жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша қалалық спорттық жарыстар өткізеді, спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді, спортшыларға спорттық разрядтар береді: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы Біліктілік санаттарын береді: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы – спортшы, спорт төрешісі

Фактілер анықталған жоқ

 

«Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімі аппараты» ММ

 

Бөлім басшысы

Бас маман

Қаржылық тәуекелдер негізінде төтенше жағдайлар кезінде, үйлері суға кеткен 2 арызданушының жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат арызданушының есеп  шотына түспей қайтып келуіне байланысты.

Осыған сәйкес, ішкі талдау барысында бұл мәселе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды тудыруы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген төтенше жағдайлар кезінде, үйлері суға кеткен 2 арызданушының жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат арызданушының есеп  шотына түспей қайтып келу жағдайы орын алған емес.

 

Фактілер анықталған жоқ

Бөлім басшысы

Бас маман

Астана ауданы бойынша  су тасқынынан зардап шеккен тұлғалардан 50 өтініш түсті. 39 тұрғын үй, 11 бау-бақша. Жалпы 50 өтініштер бойынша техникалық зерттеулер жүргізілді. Оның 48 өтініші бойынша бюджеттен материалдық өтемақы төленді. 2 өтініш бойынша толық құжаттары болмау себебінен төлемдер жүргізілген жоқ. Аталған өтініштер бойынша «Қамқор-Ақтөбе» қоғамдық қорына ұсыныс берілді. Қаражаттары бүгінгі күнге  аударылған жоқ.

Фактілер анықталған жоқ

Әкім орынбасары

Бөлім басшысы

Бас маман

«Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ –де шағын сәулет нысандарын орнату жұмысының орындалу талаптары бұзылып, мекемемен орындалған жұмыстарды растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмегендігі анықталды.

         Осыған сәйкес, бұл  мәселелер ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды тудыруы мүмкін.

Фактілер анықталған жоқ

 

 

Дата публикации
10 ноября 2023
Дата обновления
10 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы