Жыл басынан бері Ақтөбе облысында жергілікті атқарушы органдармен 9,3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 9,2 миллионы немесе 98,5%-ы – электронды форматта. 2021 жылы көрсеткіш 96%-ды құраған.
Бүгін облыстық әкімдікте облыстық басқармалар басшыларының, Ақтөбе қаласы және облыс аудандары әкімдері орынбасарларының, жауапты мамандардың қатысуымен кеңес өтіп, онда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жылдың алдын ала қорытындысы айтылды.
Кеңес барысында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі арттыруға 2023 жылы да басымдық берілетіні атап өтілді.
Жыл бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында өз жұмысын нәтижелі атқарып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға өзіндік үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметші облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.