Меню

Страницы

Статья

2021 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызметтердің 174 түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта - 161.

2021 жылы барлығы 7 млн. 278 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта – 7 млн. 127 мың қызмет көрсетіліп, барлық көрсетілген қызметтердің  97,9 %  үлесін құрады (2020 жылы – 97,4%).

Ішкі бақылау

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ЖАО-мен 134 ішкі бақылау іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 3892 заңбұзушылық анықталды.

Ең көп таралған заңбұзушылықтарға:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу - 211 (2020 ж. - 843)
  • Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету - 163 (2020 ж. - 1341).
  • Артық құжаттарды талап ету - 377 (2020 ж. - 740).
  • Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту - 13 (2020 ж. - 6).
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану - 16 (2020 ж. - 16).
  • Өзге заңбұзушылықтар - 3112 (2020 ж. - 289).

Ішкі бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша 242 ұсыныс берілді, оның 220-ы орындалды. 

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында бұзушылықтарға жол берілген үшін жауапты 63 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 12 лауазымды тұлғаға қатысты 729,3 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Дата публикации
05 января 2022
Дата обновления
05 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы