Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2025 жылғы 7 желтоқсанға тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 1 ауданның аумақтық сайлау комиссиясы 1 ауылдық округ әкімінің сайлауын 2025 жылғы 7 желтоқсанға тағайындады:
Бүгін 2025 жылғы 29 қазанда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Желтау ауылдық округ әкімінің сайлауы тағайындалды.
Әкімді сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
2025 жылғы 7 желтоқсанға тағайындалған ауылдық округ әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 30 қазаннан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылады.