Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысы туралы ақпарат
Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда өңірде:
- 1 - штаттық негізде қызмет атқаратын Әдеп жөніндегі уәкіл;
- 13 - өз қызметімен қатар Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын орындайтын мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.
Олардың ішінде:
- 6 - аудан әкімдері аппараттарының басшылары;
- 3 - аудан әкімдерінің орынбасарлары;
- 4 - аудан және қала әкімдері аппараттарының бөлім басшылары.
2025 жылдың III тоқсаны бойынша облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі Әдеп жөніндегі уәкілдер тарапынан 273 кеңес берілді, оның ішінде:
- 238 - мемлекеттік қызметшілерге;
- 35 - жеке және заңды тұлғаларға.
Есептік кезеңде 53 түсіндіру шарасы (дәріс, семинар) өткізілді, 25 бейнематериал мен радиоматериал жарияланып, 5 мақала баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді.
2025 жылға арналған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру бойынша Типтік жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан:
- 26 кездесу облыстық басқармаларда өткізілді;
- 4 ауданға (Байғанин, Алға, Ырғыз және Мұғалжар аудандары) іссапарлар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе филиалында біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілермен 2 кездесу өткізілді.
Тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс баптарын бұзу деректері бойынша тексерулер жүргізіледі.
Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөнінде ұсыныстар жолданады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларымен танысу мақсатында рейдтер ұйымдастырылып, қызметтік кабинеттерге барып тексерулер жүргізіледі.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы ақпарат тұрақты түрде әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жарияланып отырады.
Сонымен бірге, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерінің орындалуы қамтамасыз етіледі. Барлық тапсырмалар егжей-тегжейлі пысықталып, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына және мемлекеттік қызметшілерге жеткізіледі.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі облыс әкімі аппаратының басшысы, аудан және қала әкімдерінің тұрақты бақылауында.
Омарова Р.