Ақтөбе облысының ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 05.10.2025

Ақтөбе облысының

ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 05.10.2025

 

Ағымдағы жылдың 5 қазанда 1 ауданда (Әйтеке би) 1 ауылдық округін әкімінің сайлауы өтті: 1 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 1 аумақтық және 3 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         1 сайлау округі бойынша 5 кандидат ұсынылды: 5 (100%) өзін-өзі ұсыну.

2 (40%) - мемлекеттік қызметшілер, 1 (20%) - бюджеттік сала қызметкері, 1 (20%) – уақытша жұмыссыз, 1 (20%) – зейнеткер.

Тіркеуге дейін 1 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды. Бюллетеньдер дайындалғанға дейін тіркелген 1 кандидат өз еркімен кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берді.

Сайлауға 3 кандидат қатысты.

Сайланған әкім: 1 - уақытша жұмыссыз. 1  - өзін – өзі ұсынушы.

Сайланған әкімнің жасы  33 жаста.

Ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.

 

Дата публикации
06 октября 2025