Көлік қозғалысына шектеу қою туралы
2025 жылғы 5 наурыз сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:
Ақтөбе облысы:
- "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті) автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қ. - Атырау облысының шекарасы).
-“Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз” автожолының 3-389 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан КАZ06-KZ04-02 жол айырығына дейін).
Жолды 2025 жылғы 6 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.