Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2025 жылғы 13 сәуірге тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 5 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 8 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындады:
1) Сарат ауылдық округінде
1) Көлтабан ауылдық округінде
1) Қос Естек ауылдық округінде
1) Байторысай ауылдық округінде
2) Мәртөк ауылдық округінде
3) Родников ауылдық округінде
1) Кеңесту ауылдық округінде
2) Тасқопа ауылдық округінде
Бүгін 2025 жылғы 5 наурызда 5 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 8 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 6 наурыздан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.