"Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық «Qobda» газетінде шығып қалған Қобда аудандық мәслихат депутатының орнына сайланатын кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру, қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см. құны — 290 теңге.
2.Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру, түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см. құны — 290 теңге.
3.Қобда аудандық мәслихатының депутаттығына кандитаттарына ұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
4.Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.
Ескерту: Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Мекен-жайымыз: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі №52, «АMANAT» ғимараты.
Аудандық «Qobda» газетінің редакциясы