Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының   14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының                                               4) тармақшасына,  3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. № 6 сайлау округі бойынша шығып қалған Ақтөбе облыстық мәслихаты депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
  2. Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газетінде орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                            Н. Жүсіпов

 

 

Хатшы                                                            А. Бүркіталин

           

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылғы 29 қаңтар

№ 9

Дата публикации
29 января 2025