Ақтөбе облысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 02.06.2024

Ақтөбе облысының

аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 02.06.2024

 

Ағымдағы жылдың 2 маусымында 6 ауданда (Әйтеке би, Алға, Байғанин, Қарғалы, Темір, Шалқар,) 1 қаланың, 1 ауылдың және 10 ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы өтті: 10 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 1 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, 1-  әкімшілік бірліктің құрылуына байланысты.

Оған 6 аумақтық және 26 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         12 сайлау округі бойынша 43 кандидат ұсынылды: 10 (23,3%) «AMANAT» партиясынан, 1 (2,3%) «Ақ Жол» партиясынан, 32 (74,4%) өзін-өзі ұсыну.

34 (79,1%) - мемлекеттік қызметшілер, 2 (4,6%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 3 (7%) – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 4 (9,3%) – уақытша жұмыссыз.

Бюллетеньдер дайындалғанға дейін 5 кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылды.

Сайлау бюллетеньдері дайындалғаннан кейін тіркелген 1 кандидатты тіркеудің күші жойылды.

Сайлауға 37 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 7 - мемлекеттік қызметшілері (оның ішінде 5 әкімдер),  2 -  бюджеттік сала қызметкерлері,1 - коммерциялық құрылымдардың қызметкері, 2 - уақытша жұмыссыз.

9 – «АМАNАТ» саяси партиясынан ұсынылды, 3  - өзін – өзі ұсынушылар.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 40 жаста, ең кішісі 28 жаста, ең үлкені 53 жаста.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

Дата публикации
03 июня 2024