Ақтөбе облысындағы аудандық маңызы бар қала
және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2024 жылғы 7 шілдеге тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 5 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 1 аудандық маңызы бар қаланың және 5 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындады:
1) Әлімбет ауылдық округінде
1) Бегалы ауылдық округінде
1) Аққұдық ауылдық округінде
2) Байнассай ауылдық округінде
1) Қандыағаш қаласында
1) Жаңақоныс ауылдық округінде
Бүгін 2024 жылғы 29 мамырда 5 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 1 аудандық маңызы бар қала және 5 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 30 мамырдан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.