Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2024 жылғы 12 мамырға тағайындау туралы Хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2024 жылғы 12 мамырға тағайындау туралы

Хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 4 ауылдық округтердің және 1 қаланың әкімдерін сайлауды 2024 жылғы 12 мамырға тағайындады:

  1. Қобда ауданында әкім сайлауы:

1) Иманғали Білтабанов ауылдық округінде

  1. Ойыл ауданында әкімдер сайлауы:

1) Қайыңды ауылдық округінде

2) Қараой ауылдық округінде

3) Сарыбие ауылдық округінде

  1. Шалкар ауданында әкім сайлауы:

1) Шалқар қаласында

         Бүгін 2024 жылғы 3 сәуірде 3 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстағы 4 ауылдық округ және 1 қала әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

         2024 жылғы 12 мамырға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 4 сәуірден басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

Дата публикации
04 апреля 2024