«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Қарғалы ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТI:
- Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Қарғалы ауданының Желтау ауылдық округінің шекаралары оның құрамынан жалпы ауданы 36 957 гектар Шамшы Қалдаяқов ауылының аумағын алып тастай отырып өзгертілсін.
Қарғалы ауданының Желтау ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 45 935 гектар болып белгіленсін.
- Қарғалы ауданында қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес жаңа әкімшілік аумақтық бірлік - жалпы ауданы 36 957 гектар құрайтын Шамшы Қалдаяқов ауылы құрылсын.
- «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері Қарғалы ауданының әкімдігімен бірлесіп жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікті жоспарлау, қаржыландыру және күтіп-ұстау мәселелерін шешу және осы бірлескен әкімдіктің қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарғалы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастр құжаттамаларын сәйкестендірсін.
- Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.