Ақтөбе облысының
ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 24.09.2023
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде 6 ауданда (Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Қобда, Темір, Хромтау) 9 ауылдық округ және 1 аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті: 6 – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 4 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, оның ішінде 1-і тікелей сайлауда сайланды (1-і Мәртөк ауданында – 19.09.2021).
Оған 6 округтік және 32 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
10 сайлау округі бойынша 33 кандидат ұсынылды: 3 (9%) «АМАНАТ» партиясынан, 2 (6%) «Ақ жол» партиясынан, 1 (3%) «Ауыл» партиясынан, 27 (82%) өзін-өзі ұсыну.
28-і (85%) мемлекеттік қызметшілер (оның 3-і әкім), 2-і (6%) бюджеттік сала қызметкерлері, 3-і (9%) коммерциялық құрылым қызметкерлері.
1 кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген, 1 үміткер салық декларациясының сәйкес келмеуіне байланысты, 1 кандидат сайлау жарнасын ұсынбауына байланысты шығарылған.
Сайлауға 30 кандидат қатысты.
Сайланған әкімдер: 6 - мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 2 әкім), 2 - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 - коммерциялық құрылымдардың өкілдері.
3 – «АМАНАТ» саяси партиясынан, 1 – «Ақ жол» саяси партиясынан, 1 – «Ауыл» саяси партиясынан ұсынылған, 5 – өзін-өзі ұсыну.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 43 жаста, ең кішісі 30 жаста, ең үлкені 60 жаста.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.