№ 32 сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2-3) тармақшасына, 101 бабының 3-1 тармағына сәйкес Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- № 32 сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
- 2023 жылдың 29 қазанына тағайындалған Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының №32 сайлау округінің шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Ақтөбе қалалық мәслихатының № 32 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеуді және өткізуді округтік сайлау комиссиясы қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.
Төраға Д. Калмагамбетова
Хатшы Э. Узакбаева
Ақтөбе қаласы,
2023 жылғы 29 тамыз
№ 35