2023 жылғы 2-тоқсанда облыс әкімімен кездесулерде тұрғындар көтерген мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

 

 

2023 жылғы 2-тоқсанда  облыс әкімімен  кездесулерде тұрғындар  көтерген мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру  жөніндегі  ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

№

Іс-шараның атауы

Орындалу барысы

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

         1.

Ақтөбе қаласының аумағындағы тұрғын үй алаптарында қоғамдық көлік санын ұлғайту

Ақтөбе қаласының аумағында жолаушылар тасымалдауды 46 бағыт бойынша 4 тасымалдаушы кәсіпорны жүзеге асырады

 Ағымдағы жылы 142 автобус сатып алу жоспарлануда:

«Автопарк» ЖШС 42 автобус, «Qala Trans» ЖШС 100 автобус (қазіргі таңда 75 автобус сатып алынды)

Әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау мақсатында 39 бағыт бойынша бюджет қаражаты есебінен 6,8 млрд теңге бөлінді.

АЛҒА АУДАНЫ

         2.

Талдысай ауылында кешенді блок-модуль орнату

«Наби Альянс LTD» ЖШС-мен 16,9 млн. теңге сомасына шарт жасалды.

Қазіргі уақытта кешенді блок-модульді орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. КБМ аяқталу мерзімі 2023 жылғы 30 қыркүйек.

 

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ

         3.

Т. Жүргенов ауылы - Ақтөбе қаласы - Т. Жүргенов ауылы бағыты бойынша адамдарды тасымалдау үшін автобус бөлу

 

Жергілікті «Сүлейменов» ЖК-мен уақытша шарт жасалды. Қазіргі уақытта «Мерседес» шағын автобусы Т. Жүргенов ауылынан Ақтөбе қаласына және кері қарай жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.

 

 

БАЙҒАНИН АУДАНЫ

         4.

Кемерші ауылында дәрігерлік амбулатория салу

 

Ағымдағы жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 220,2 млн.теңге бөлінді. (ОБ – 22 млн. тг., ҰФ - 198,2 млн. тг.).  «Техно. С.» ЖШС мердігері.  Жобаның аяқталуы мерзімі 2023 жылдың 22 қазаны.

 

 

ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

         5.

Ырғыз ауылының 5 кент ішіндегі жолын салу

 

«КазПолИнвест-ГБ KZ» ЖШС-мен шарт жасалды. Жобаның құны – 372 726,0 мың теңге. «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Құрылыс жұмыстары жүргізілуде, бүгінде 91 635,0 мың теңге игерілді. Жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ

         6.

Жосалы ауылындағы кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізу

 

«Геопроектростройхі» ЖШС-мен шарт жасалды. Жобаның құны – 145,4 млн. тг.  Жоба «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Қаражат толығымен қарастырылған. Асфальт төсеу ағымдағы жылдың тамыз айында жоспарлануда.

 

ҚОБДА АУДАНЫ

         7.

Бұлақ ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу

«КазПромСтройГруп» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.153,4 млн. теңге бөлінді.    

Қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстары басталды.

Жыл соңына дейін жобаны аяқтау жопарланып отыр.

 

 

МӘРТӨК АУДАНЫ

         8.

Аққұдық ауылдық округінің Қарабұлақ ауылын газдандыру

Жобаның жалпы құны 38,1 млн. теңге. 30,2 млн. теңге бөлінді.

Мердігер «АСК-7» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастады.

Жыл соңына дейін жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

 

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ

         9.

Қандыағаш қаласындағы «Фин» шағын ауданында кәріз жүйелерін қайта жаңарту

 

2023 жылға 307,9 млн. теңге бөлінді. Бюджеттік қаражат толығымен бөлінді. Мердігер «АймарСтройСервис» ЖШС. Жұмыстар 2023 жылдың 22 шілдесінде басталды.

Жыл соңына дейін жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

 ОЙЫЛ АУДАНЫ

      10.

Қаратал ауылының маңында су тасқынынан қорғау бөгетін салу

Ағымдағы жылдың маусым айында демеушілік қаражаты есебінен 15,0 млн теңге сомасына Қаратал ауылының маңында су тасқынынан қорғау бөгетін салу басталды.

Қазіргі уақытта қорғаныс бөгетінің құрылысы аяқталу сатысында.

 

ТЕМІР АУДАНЫ

      11.

Қопа ауылындағы Мектеп көшесінің кентішілік автомобиль жолын салу

 

«Батыс Коммерц Строй» ЖШС-мен  келісімшарт жасалды. Жоба сомасы 117,7 млн теңге. Бүгінгі таңда қиыршық тасты төсеу және тегістеу жұмыстары аяқталды, көше жарықтандыру желісі де жүргізілді.

Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың тамыз айында жоспарлануда.

ХРОМТАУ АУДАНЫ

      12. 

Қызылсуат ауылының ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу

 

ЖСҚ әзірлеуге 3,1 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жоба сараптамада.

ШАЛҚАР АУДАНЫ

      13.

Бершүгір ауылдық округінің Алабас және Сарысай ауылдарына кірме жолдарды орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

 

ЖСҚ әзірлеуге 2 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша ЖСҚ әзірленуде.

 

 

 

 

Дата публикации
14 августа 2023