Ақтөбе облысының
ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 18.06.2023
2023 жылдың 18 маусымында ауылдық округтер әкімдерін сайлау 2 сайлау округтері бойынша өтті (Байғанин ауданы, Қызылбұлақ ауылдық округінде, Хромтау ауданы, Никельтау ауылында).
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 1630 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 1022 (62,7%).
Сайлауға 34 мүшесі (14 аумақтық, 20 учаскелік комиссия) бар 2 аумақтық сайлау комиссиялары мен 4 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Тіркелген 7 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді, оның ішінде 1 кандидат «AMANAT» партиясынан, 6 кандидат өзін-өзі ұсынған.
Барлық 2 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған – 1, өзін-өзі ұсынған - 1.
Сайланған әкімдердің 2 -– бюджеттік ұйым қызметкерлері.
Сайланған әкімдердің орташа жасы – 43 жас, ең жасы – 31-де, жасы үлкені – 55-те.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.