2023 жылғы 1-тоқсанда облыс әкімімен кездесулерде тұрғындар көтерген мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

2023 жылғы 1-тоқсанда  облыс әкімімен  кездесулерде

тұрғындар  көтерген мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру  жөніндегі  

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

№

Іс-шараның атауы

Орандалу барысы

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

         1.      

Ақтөбе қаласының аумағында су тасқынына қарсы іс шараларды іске асыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру

Ақтөбе қаласының аумағында 118 су жиналатын орын анықталды. Қазіргі уақытта осы іс-шараларды орындауға қажетті есептеулер бойынша жұмыстар жүргізілуде, алдын ала қажеттілік 1,4 млрд теңге.

Бүгінгі таңда шамамен 32 су орнын  жою үшін қалалық бюджеттен 538 млн теңге қарастырылуда. Жұмыс қаражат бөлінгеннен кейін басталады. Сонымен қатар, 11, 12 ш / а нөсер кәріздерін салу бойынша 5 ЖСҚ түзету жұмыстары жүргізілуде. (Есет батыр т/м (Нұр Ақтөбе), ГМЗ, Авиақалашық).

АЛҒА АУДАНЫ

         2.      

Тікқайын ауылындағы көшелерді жарықтандыру

Бүгінгі таңда Тикқайын ауылында бес көшеде бұрын орнатылған 31 көше жарықтандыру шамы бар . Ағымдағы жылы қосымша 10 шам орнату жоспарланған.

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ

         3.      

Жамбыл ауылындағы көшелерді жарықтандыру

Қазіргі таңда жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды.

БАЙҒАНИН АУДАНЫ

         4.     

Қарауылкелді - Алтай батыр бағытындағы автокөлік жолының орташа жөндеу бойынша жұмыстарын  аяқтау

2023 жылға Қарауылкелді-Алтай батыр-Миялы-Оймауыт 0-31 км автомобиль жолына облыстық бюджеттен 404 550,0 мың теңге бөлінді.  Қазіргі таңда автомобиль жолының 8 шақырымына асфальт жабындысы төселді. Нысанды 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

         5.     

Жарма ауылында салынып жатырған 60 орындық мектеп құрылысын аяқтау

Бүгінгі күні мердігер ұйыммен шарт бұзылды. Мердігер жосықсыз деп танылды. Жобаны аяқтау үшін жоба қымбаттауына байланысты түзету қажет.

ҚАРҒАЛЫ  АУДАНЫ

         6.     

Бадамша ауылында 5 қабатты 60 пәтерлі жалдамалы – коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы

Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта объектіні пайдалануға қабылдау үшін қажетті техникалық құжаттаманы дайындауда

ҚОБДА АУДАНЫ

         7.     

Қосөткел ауылын газдандыру жұмыстарын жүргізу

Аудандық бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаны іске асыру үшін республикалық бюджет комиссиясына 78,9 млн теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді.

МӘРТӨК АУДАНЫ

         8.     

Сарыжар ауылында сапалы интернет байланысын қосу

Сарыжар ауылына 7,5 млн теңге сомасына (6 млн теңге жерлікті бюджет, 1,5 млн теңге демеушілер көмегі) 25 метрлік антенна – діңгекті құрылғысы орнатылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Beeline операторлық желісі орнатылады, бұл интернет байланысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ

         9.     

Қандыағаш қаласы «Финский» м/а ауданындағы кәріз жүйесін қайта жаңарту

ЖСҚ әзірленді. Жобаның құны 307,9 млн теңге. Қаражат бөлінді, конкурс жарияланды, конкурс нәтижелері күтілуде.

ОЙЫЛ АУДАНЫ

      10.   

«Ойыл-Қараой» автокөлік жолының орташа жөндеу бойынша жұмыстарын  аяқтау

Аудандық маңыздағы  «Ойыл-Қараой» автокөлік жолының (0-15, 15-30, 30-45 км)  жол учаскелерін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 1201,2 млн теңге бөлінген, оның ішінде:

«Ойыл-Қараой» автокөлік жолының 0-15 км жол учаскесін орташа жөндеуге 216,9 млн теңге, 15-30 км жол учаскесін орташа жөндеуге 415,9 млн теңге, 30-45 км жол учаскесін орташа жөндеуге 568,4 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта  мердігер мекемемен жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың соңы.

ТЕМІР АУДАНЫ

      11.   

Еңбекші ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау

Жобаның құны 289,1 млн теңге. 2022 жылы РБ-дан 104,0 млн теңге бөлінді. Аяқтауға 2023 жылы ҰҚ-дан 139,7 млн теңге және ОБ-дан 57,8 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

ХРОМТАУ АУДАНЫ

      12.   

Хромтау ауданы Қызылсу ауылындағы көпір өткелінің құрылысы

2022 жылы жобаны бастау үшін облыстық бюджеттен 20,4 млн теңге және аудандық бюджеттен 88 млн теңге бөлінді. Ағымдағы жылы осы жобаны аяқтау үшін аудандық бюджеттен 10,0 млн теңге бөлінді. Нысанды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

ШАЛҚАР АУДАНЫ

      13.   

Шалқар қаласынан екі қабатты 8 пәтерлі 3 жалдамалы коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы

Шалқар қаласынан екі қабатты 8 пәтерлі 3 жалдамалы коммуналдық тұрғын үйдің құрылысына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп 290,7 млн теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мердігер мекемемен шарт жасалды.

Дата публикации
31 мая 2023