2007 жылғы 18 тамызда өткен Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары туралы
ХАБАР
2007 жылғы 18 тамызда Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарының сайлауы болып өтті.
Сайлаушылардың тізімдеріне 401 117 азамат енгізілді.
Дауыс беруге 309 785 сайлаушықатысты, олардың ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 12960 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 7 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс саны:
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 8031 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,6%;
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 282 405 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 92,1%;
Қазақстан Патриоттары партиясы - 1704 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,6%;
«Ауыл» Қазақ социал-демократиялық партиясы - 5096 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,66%;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 6480 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,11%;
Руханият партиясы – 906 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,3%.
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – 2014 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,66%.
Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 2945.
Жойылған бюллетеньдер саны – 96221.
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы