2016 жылғы 20 наурызда өткен Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары туралы
ХАБАР
2016 жылғы 20 наурызда Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарының сайлауы болып өтті.
Сайлаушылардың тізімдеріне 475 447 азамат енгізілді.
Дауыс беруге 381 594 сайлаушы қатысты, олардың ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 7502 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 6 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс саны:
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 2004 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,53%;
«Нұр Отан» партиясы - 318205 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 83,63%;
«Бірлік» саяси партиясы - 885 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,23%;
«Ауыл» Қазақ социал-демократиялық партиясы – 2037 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,54%;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 31577 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,3%;
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – 25761 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,77%.
Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 1125.
Жойылған бюллетеньдер саны – 98607.
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы