Қарғалы аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабар
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Қарғалы аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Қарғалы ауданы бойынша сайлаушылар тізімдеріне 10 715 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 8 264 адам немесе 77,13 проценті алды.
Дауыс беруге 8 144 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 2 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 556 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 5 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:
Қазақстан Халық партиясы - 88 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,10 проценті;
«Nur Otan» партиясы – 6 344 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 79,04 проценті;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 721 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,98 проценті;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 795 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9,91 проценті;
«ADAL» саяси партиясы - 78 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,97 проценті;
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды төмендегіше бөлінгені белгіленді:
«Nur Otan» партиясы партиясы 9 мандат;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 1 мандат;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы 1 мандат.
Қарғалы аудандық сайлау комиссиясы