2023 жылға арналған Ақтөбе облысы әкімдігінің ашықтығының ведомстволық жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:
Ақтөбе облысының әкімі Е. Тоғжанов
Ақтөбе облысы әкімінің
2023 жылғы «____»_________
№ өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылға арналған
АШЫҚТЫҚТЫҢ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОСПАРЫ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімдері |
Жауапты құрылымдық бөлімше |
|
I. Ведомствоішілік ұйымдастыру іс-шаралары |
|||
|
1. |
«Интернет-ресурста және (немесе) әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда іс-шаралардың онлайн-трансляцияларын және «Ашық диалог» интернет-порталында сауалнамалар мен интернет-конференциялар өткізудің 2023 жылға арналған кестесін бекіту туралы» бұйрықты әзірлеу және бекіту. Оны МО ИРБП-да орналастыру |
Сәуір |
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, облыс әкімдігінің басқармалары |
|
2. |
Мемлекеттік органдардың Интранет-порталындағы (МОИП) «Құжаттар кітапханасы» модулінде орналастыруға жататын ақпарат тізбесін айқындайтын бұйрықты әзірлеу (өзектендіру). Оны МО ИРБП-да және МОИП-та орналастыру |
Мамыр |
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ, облыс әкімдігінің басқармалары |
|
3. |
«Ашық үкімет» порталдары бойынша және Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасындағы ресми парақшасы бойынша міндеттерді бөлуді көздейтін бұйрықты әзірлеу және бекіту (өзектендіру). Оны МО ИРБП-да орналастыру |
II тоқсан |
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ, облыс әкімдігі басқармаларының, қалалар/аудандар әкімдіктерінің уәкілетті тұлғалары |
|
4. |
Тоқсан сайынғы негізде ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) басшылыққа (аппарат басшысына немесе т.б.) 1, 2, 3-тармақтарда көрсетілген бұйрықтарды орындау бойынша қызметтік жазбаны дайындауы. Аппараттық кеңестерде проблемалық мәселелер бойынша тыңдаулар өткізу |
Тоқсанына бір реттен кем емес |
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ, облыс әкімдігі басқармаларының, қалалар/аудандар әкімдіктерінің уәкілетті тұлғалары |
|
5. |
Уәкілетті тұлғаларды (бөлімшелерді) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша және басқа да қызметкерлерді «Ашық үкімет» порталдарымен («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және АҚДМ тарта отырып) және ақпарат сұрау салуларымен жұмыс істеуге оқытуды ұйымдастыру |
Жыл ішінде |
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ |
|
6. |
Уәкілетті тұлғаларды (бөлімшелерді) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша тиімді коммуникациялар дағдыларына оқыту (Мемлекеттік басқару академиясының базасында біліктілікті арттыру курстары және АҚДМ және өзге де ұйымдардың шақыруы бойынша басқа да оқыту іс-шаралары шеңберінде) |
Жыл ішінде |
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) |
|
7. |
Ғимаратта орналастырылатын ақпараттық стендте мемлекеттік органның қызметі туралы ақпаратты өзектендіру |
Тоқсан сайын |
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, облыс әкімдігі басқармаларының, қала/аудан әкімдіктерінің уәкілетті тұлғалары (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
II. Ашықтық қағидаттарын іске асыру тетіктері (құралдары) |
|||
|
8. |
Ақпараттық ашықтық қағидатын іске асыру |
|
|
|
8.1 |
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген мемлекеттік органның қызметі бойынша барлық ақпаратты МО ИРБП-да жариялауды және уақтылы өзектендіруді қамтамасыз ету: - қызмет туралы жалпы ақпарат; - норма шығару қызметі туралы ақпарат; - бюджет қаражаты туралы ақпарат; - ағымдағы қызмет туралы ақпарат; - кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат; - мемлекеттік қызметтер саласындағы ақпарат; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат; - халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпарат; - мемлекеттік сатып алу саласындағы ақпарат; - рұқсат беру іс-әрекеттерін жүзеге асыру тәртібі (лицензиялау, аккредиттеу, тіркеу және басқалар); - мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары жүргізген тексерулер нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік органда және оның аумақтық органдарында жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы ақпарат; - жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат; - жүргізілген әлеуметтік, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректер; - халықпен жұмыс бойынша ақпарат; - келіп түскен сұрау салуларды жалпылау және талдау нәтижелері бойынша ақпаратты пайдаланушылар бірнеше рет сұратқан ақпарат; - орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпарат немесе мемлекеттік орган орналастыруды қажет деп есептейтін ақпарат. |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
8.2 |
Әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарын жүргізуді және оны сапалы және сұраныс бар контентпен толтыруды қамтамасыз ету |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
8.3 |
«Ашық диалог» порталында мемлекеттік органның қызметі бойынша сауалнамалар жүргізу және (немесе) интернет-конференциялар өткізу |
Ай сайын |
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ, облыс әкімдігінің басқармалары |
|
8.4 |
Ашық отырыстардың, кеңестердің, алқалардың, халық алдындағы есептік кездесулердің онлайн-трансляцияларын өткізу (анонстаумен). Ашық отырыстардың хаттамаларын орналастыру (бар болса) |
Тұрақты |
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі |
|
8.5 |
Мемлекеттік органның тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін ашық қолжетімділікте (мемлекеттік органның МО ИРБП-дағы парақшасында) орналастыру |
Зерттеу аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
8.6 |
МОИП-та «Құжаттар кітапханасы» модулінде статистикалық және өзге де салалық ақпаратты орналастыру |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
9. |
Ашық деректермен жұмысты қамтамасыз ету |
|
|
|
9.1 |
Мемлекеттік органның ашық деректерін «Ашық деректер» порталы арқылы жариялау және оларды өзекті жағдайда ұстау |
Тұрақты |
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ, облыс әкімдігінің басқармалары |
|
9.2 |
Ашық деректер жинақтарын жариялау/өзектендіру бойынша «Ашық деректер» порталын пайдаланушылардың өтінімдерін уақтылы қарау (қажет болған жағдайда Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізу бойынша АҚДМ-ға ұсыныстар жіберу) |
Тұрақты |
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ, облыс әкімдігінің басқармалары |
|
10. |
Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету |
|
|
|
10.1 |
Мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастыруға анонс жасау |
БП жобасын / БП іске асыру туралы есепті «Ашық бюджеттер» порталында орналастырған күні |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
10.2 |
Мемлекеттік органның азаматтық бюджетін «Ашық бюджеттер» порталында және МО ИРБП-да орналастыру |
Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидаларында белгіленген мерзімдерде |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
10.3 |
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін және шоғырландырылған қаржылық есептілікті «Ашық бюджеттер» порталында және Мо ИРБП-да орналастыру |
Ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалар жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) ашық бюджеттер интернет-порталында жария талқылау қағидаларында белгіленген мерзімдерде |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
11. |
Нормативтік-құқықтық реттеуді түсіндіруді қамтамасыз ету |
|
|
|
11.1 |
БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, МО ИРБП-да «Ашық НҚА» порталында орналастырылған НҚА жобаларын (жобаға сілтеме жасай отырып) жария талқылау мерзімдері туралы ақпараттық хабарламаларды (баспасөз релиздерін), сондай-ақ қабылданған НҚА бойынша азаматтар үшін көрнекі және қолжетімді форматта түсіндірулерді жариялау |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
11.2 |
Мемлекеттік орган әзірлеген реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарын, заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын, заң жобаларының мақұлданған тұжырымдамаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын түсіндірме жазбаларымен (олар болған кезде) және салыстырмалы кестелерімен (нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда), жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми сараптамалары мен сараптамалық қорытындыларының қорытындыларын (олар болған кезде) бірге МО ИРБП-ға орналастыру |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
12. |
Жария есептілікті қалыптастыру |
|
|
|
12.1 |
Мемлекеттік органның есепті жылдағы қызметінің нәтижелері туралы қорытынды баяндама дайындау |
Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін |
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі, облыс әкімдігі басқармаларының, қала/аудан әкімдіктерінің уәкілетті тұлғалары (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
12.2 |
Мемлекеттік орган есепті жылдағы қызметінің нәтижелері туралы қорытынды баяндаманы МО ИРБП-да орналастыру |
Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 ақпанына дейін |
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі, «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ, облыс әкімдігі басқармаларының, қала / аудан әкімдіктерінің уәкілетті тұлғалары (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
12.3 |
Мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың тұрақты жаңартылып отыратын жоспарын МО ИРБП-да орналастыру |
Жаңартылуына қарай, жыл ішінде |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
12.4 |
Мемлекеттік орган орындаушы болып табылатын мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпаратты МО ИРБП-да орналастыру және өзекті жағдайда ұстау |
Жаңартылуына қарай, жылдың ішінде |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
12.5 |
Мемлекеттік органның қызметі бойынша статистикалық және талдамалық деректерді МО ИРБП-да орналастыру және жаңарту |
Тоқсан сайын |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
13. |
Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерімен және ақпаратқа сұрау салулармен жұмыс туралы хабардар ету |
|
|
|
13.1. |
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпаратты, оның ішінде мыналарды МО ИРБП-да орналастыру: |
Жылдың ішінде |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
13.1.1 |
Өтініштермен жұмыс туралы есептерді |
Тоқсан сайын |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
13.1.2 |
Ақпаратқа сұрау салулармен жұмыс жөніндегі есептерді |
Тоқсан сайын |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
13.1.3 |
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау мәселелері бойынша ақпарат алу, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін қоса алғанда, өтініштер мен сұрау салуларды қарау мүмкіндігі берілетін қызметкерлердің байланыс деректері (Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы) туралы мәліметтерді |
Жаңартылуына қарай, жыл ішінде |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
13.2 |
Едәуір өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға берілген жауаптарды МО ИРБП-да және әлеуметтік желілердегі мемлекеттік органның аккаунттарында орналастыру |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
13.3 |
Мемлекеттік органның басшылығының азаматтарды қабылдау кестесін МО ИРБП-да және ақпараттық стендте орналастыруы |
Тоқсан сайын |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
14. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет |
|
|
|
14.1 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты МО ИРБП-да орналастыру және өзекті жағдайда ұстау |
Жаңартылуына қарай, жыл ішінде |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
14.2 |
«Адалдық алаңы» жобалық офисінің отырыстарын өткізу және оның қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты МО ИРБП-да және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында орналастыру |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
15. |
Үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен жұмысты ұйымдастыру |
|
|
|
15.1 |
МО ИРБП-да мемлекеттік органның жанындағы алқалы, консультативтік-кеңесші және өзге де органдар туралы ақпаратты өзекті жағдайда ұстау |
Тұрақты |
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, облыс әкімдігі басқармаларының, қала/аудан әкімдіктерінің уәкілетті тұлғалары (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
15.2 |
ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлға бойынша мәліметтерді МО ИРБП-да орналастыру және өзекті жағдайда ұстау |
Тұрақты |
«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, облыс әкімдігі басқармаларының, қала/аудан әкімдіктерінің уәкілетті тұлғалары (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
15.3 |
ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлғалардың мемлекеттік орган қызметінің түрлі бағыттары бойынша өзара іс-қимылды, оның ішінде ақпараттық, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруы |
Тұрақты |
«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, облыс әкімдігі басқармаларының, қала/аудан әкімдіктерінің уәкілетті тұлғалары (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
16. |
Қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимылы |
|
|
|
16.1 |
Қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту және оны МО ИРБП-да орналастыру |
II тоқсан |
Ақтөбе облыстық мәслихаты |
|
16.2 |
Қоғамдық кеңес отырыстарына анонс жасау, сондай-ақ отырыстардың материалдарын МО ИРБП-да орналастыру |
Отырыстардың өткізілуіне қарай |
Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесі |
|
16.3 |
Қоғамдық кеңес қызметінің қорытындысын шығару және қоғамдық кеңес қызметінің қорытындылары туралы жылдық есепті МО ИРБП-да орналастыру |
Желтоқсан |
Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесі |
|
16.4 |
Қоғамдық кеңестің қызметін БАҚ-та жария ету |
Отырыстардың өткізілуіне қарай |
Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесі |
|
17. |
Баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастыру |
|
|
|
17.1 |
Әлеуметтік желілерде және МО ИРБП-да тұрақты негізде мемлекеттік органның қызметі туралы жаңалықтар ақпаратын орналастыру |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
17.2 |
Оқиғалар мен мемлекеттік орган ұйымдастыратын іс-шараларға шақырулар туралы хабарламаларды (баспасөз релиздері мен баспасөз хабарламаларын) таратуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
17.3 |
МО ИРБП-да және әлеуметтік желілердегі мемлекеттік органның ресми аккаунттарында орналастырылатын ақпаратты өзекті жағдайда ұстау |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
17.4 |
«Ашық диалог» порталындағы бірінші басшысының блогын жазбалармен толтыруын қамтамасыз ету |
Аптасына 1 жазбадан кем емес |
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ |
|
17.5 |
Кері байланыс алу үшін БАҚ өкілдерінің мемлекеттік органның басшылығымен кездесулерін өткізу |
Тоқсан сайын |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
18. |
Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз ету |
|
|
|
18.1 |
«Ашық деректер» порталында ашық деректер жиынтықтарын жариялау |
Белгіленген мерзімдерге сәйкес |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
18.2 |
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабының 8-тармағында көзделген ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастыру (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында орналастырылатын ақпарат) |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
|
18.3 |
Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі және міндеттерін орындау қорытындылары мен қол жеткізілген нәтижелері туралы ақпаратты халық алдында беретін есебіне енгізу |
Есеп беру кездесулерін өткізу кестесіне сәйкес |
Облыс әкімдігінің басқармалары, қала/аудан әкімдіктері (осы мәселе бойынша бекітілген мемлекеттік органдағы жауапты тұлғалар) |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;
БП – бюджеттік бағдарлама;
МО ИРБП – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы