Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Х А Б А Р

Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Х А Б А Р

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына мына кандидаттарды тіркеді:

Бекбауова Дана Бахытқызы, 1977 жылы дүниеге келген, Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Бекназаров Рахым Ағыбайұлы, 1967 жылы дүниеге келген,                     Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы, 1967 жылы дүниеге келген, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы, Ақтөбе  қаласының тұрғыны, Хромтау және Мәртөк аудандарының мәслихаттары ұсынған.

 

 

Ақтөбе облыстық

сайлау комиссиясы

Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Х А Б А Р
Дата публикации
24 декабря 2022