Анонс

Ү.ж. 4 мен 5 наурыз аралығында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Ақтөбе облысына жұмыс сапары болады.

Жұмыс сапары шеңберінде Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің келесі кездесуі жоспарланып отыр:

1) ү.ж. 4 наурызда сағат 10.30-да саяси партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Ақтөбе қ., М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, Аққағаз Досжанова атындағы Конференц холл, Аққағаз Досжанова к., 6.

2) ү.ж. 4 наурызда сағат 15.00-де мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ұйымдарымен кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Ақтөбе қ., Мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік қолдау «Тең қоғам» орталығының ғимараты, Маресьев к., 2Е.

3) ү.ж. 5 наурызда сағат 09.30-да Ақтөбе облысының жастарымен кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Ақтөбе қ., «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығы, Мәнгілік Ел к., 1а.

Аталған іс-шараларға БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылғы 3 наурыз сағат 19.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) +7 707 169 38 13; +7 771 833 66 79; +7 (7132) 54 72 11 телефондары арқылы жүргізіледі.

 

 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz

Анонс
Дата публикации
03 марта 2022