2022 жылғы 3 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күні

«Таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің баспасөз-хабары

 

Өткен орны: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғимараты Өткен уақыты: 03.02.2022 жыл, уақыты:15: 00

 

Облыстық, Ақтөбе қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары сайлау процесіне қатысушыларды электоралды оқытудың 2022 жылға арналған Күнтізбелік жоспарын бекітті. Күнтізбелік жоспарға сәйкес Ақтөбе қаласында және облыстың барлық аудандарында бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Құқықтану» кафедрасымен бірлесіп, профессор - оқытушылар құрамының, магистранттардың, студенттердің және сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен «Таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Мейірханұлы Жүсіпов өз сөзінде іс-шара Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты мемлекеттің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты хабардар етуге және жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарға бейілділігін қалыптастырудағы сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу барысында «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Айнұр Жарылғасынқызы Нурутдинова жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылдан бастап сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде Дүниежүзілік сайлау күні атап өтілетінін және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Будапешт қаласында (Венгрия) сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында қабылданғанын атап өтті.

Биыл экономика және құқық факультетінде облыстық сайлау комиссиясының бастамасымен Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығын насихаттауға бағытталған дөңгелек үстел өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясымен және Қазақстан жоғары оқу орындарының қауымдастығымен бірлесіп өткізген «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттердің жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы интернет-олимпиаданың ұлттық кезеңінің жүлдегері, «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті Камиля Зинелгаппарова, Санкт-Петербург қаласында өткен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясы ұйымдастырған «Жастар парламентаризмі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тұрақты саяси дамуы мен әріптестігінің негізі» Жастар парламенттік мектебінің шеңберінде алған тәжірибесімен бөлісті.

Камиля Зинелгаппарова сайлау процесінде сандық технологияларды пайдалану мәселесі біздің мемлекетіміздің аумағында ғана емес, жалпы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында да ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Миссиясының құрамында халықаралық байқаушы ретінде Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауын байқауға қатысқан Алға аудандық сайлуа комиссиясының төрағасы Ақмарал Құралбайқызы Нұрмағамбетова осы мемлекеттегі сайлау процестерінің ерекшеліктеріне тоқталды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақ-жауап түрінде аяқталды.

 

 

2022 жылғы 3 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күні
Дата публикации
03 февраля 2022