Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы кезінде «Мәртөк тынысы» газетінің бетінде орын берудің шарты және тәртібі, төлем мөлшері туралы

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы кезеніңде

«Мәртөк тынысы» газетінің бетінде орын берудің шарты және тәртібі, төлем мөлшері туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Сайлауалды үгіт материалдарын қара-ақ түспен орналастырудың құны 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялау – 50000 (елу мың) теңге.
  2. Үміткер ұсынған мәтіндік, фото тағы басқа материалдарға үміткердің хаты қоса жолданып материалдардың әр бетіне өзі қол қояды немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қоюға үміткерден сенімхат алған адам қол қоя алады. Осы шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттен алып тасталынады.
  3. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру редакцияның ұйғарымымен болады.
  4. Газет макетін жасау, материалдарды орналастыру үшін 100 пайыздық алдын ала төлеу немесе 10 күнтізбелік күннің ішінде төлеу белгіленеді.
  5. Сайлауалды үгіт материалы «Сайлау-2022» деген грифпен жарияланады. Бұл гриф жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс. Сайлауалды үгіт материалында қаржыландыру көзі көрсетіледі.
  6. Форс-мажорлық жағдай ҚР қолданыстағы заңдылығымен белгіленген.

 

Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясының түсіндірмесіне байланысты толықтырулар,  өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы кезінде «Мәртөк тынысы» газетінің бетінде орын берудің шарты және тәртібі, төлем мөлшері туралы
Дата публикации
02 февраля 2022