Бершүгір ауылдық округі әкіміне кандидаттардың ұсынылу қорытындылары туралы хабар - 06.08.2021

Бүгін, сайлауға дайындық және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес жергілікті уақытпен сағат 18.00-де Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсыну аяқталды.

Барлығы 4 кандидат ұсынылды.

3 учаске жұмыс жасайды, сайлау 3 елді мекенде өтеді.

Саяси партиялардан 2 кандидат ұсынылды. Оның ішінде: "Nur Otan" партиясы – 1 адам, ҚХП – 1 адам.

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2 кандидат құжаттарын ұсынды.

Кандидаттардың орташа жасы 43, ең жасы 32- де, жасы үлкені 60-та.

Кандидаттар қатарында мемлекеттік қызметшілер  – 3, бюджеттік сала қызметкері – 1.

Кандидаттарды тіркеу 2021 жылдың 11 тамызына жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Сайлау алды үгіт жүргізу 2021 жылғы 11 тамызда жергілікті уақытпен сағат 18.00-ден кейін басталып, 2021 жылғы 20 тамызда сағат 24.00-де аяқталады.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тиісті ақпараттарды аудандық газетте жариялайды және аудан әкімдігінің сайтындағы интернет-парақшасына орналастырады.

Бершүгір ауылдық округі әкіміне кандидаттардың ұсынылу қорытындылары туралы хабар - 06.08.2021
Дата публикации
06 августа 2021