Облыс бойынша 35 округтің сайлау бюллетеніне 105 кандидат енгізілді (2 округте 2 кандидаттан, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов және Жамбыл округтері); 31 округте – 3 кандидаттан; 2 округте - 4 кандидаттан Қарғалы ауданының Қос Естек ауылдық округі және Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдық округі).
Сайлау бюллетеньдері сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз резервімен дайындалып, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар мөрленіп, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
Барлық 74 сайлау учаскелерінде Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайлар жабдықталған.
Барлық учаскелерде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар бар, комиссиялардың құрамы, жоғары тұрған комиссияның, прокуратура және сот органдарының телефондары, дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидалары, учаскелік сайлау комиссияларының қаулылары бар стенділер дайндалған. Бұдан басқа, ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №29 қаулысы ілінген.
Дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасалған. 74 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыштар ұйымдастырылған, барлық учаскелерде кабиналар жабдықталған. Брайль қарпін пайдалана отырып нашар көретіндерге арналған трафареттер, сайлау бюллетеньдерін толтыру бойынша тиісті аудиороликтер жасалды, барлық учаскелерде лупалар бар.
Тиісті әкімдердің актілері бойынша берілген сайлаушылар тізіміне 32 017 азамат енгізілді.
Сайлау облыстың 84 елді мекенінде өтеді.
Сайлау учаскелері құрылмаған 13 елді мекенде дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері шешілді.
Аудан орталығынан 240 км жердегі ең шалғай сайлау учаскесі, Әйтеке би ауданының Қайрақты ауылдық округінде.
Сайлау учаскелерінде COVID-19 таралуының алдын алу бойынша қажетті шаралар қарастырылған. Сайлау комиссияларының мүшелері маскалармен, қолғаптармен, санитайзерлермен қамтамасыз етілген.
Атқарушы органдар электр энергиясын үздіксіз беру, байланыс, сумен жабдықтау мәселелерін шешті, сайлау учаскелерінің нысандарына өртке қарсы қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізді.