Округтік сайлау комиссиялары жұмысын бастады

29 қарашада мәслихаттары депуттатарының кезектен тыс сайлауы өткізіледі.

Ақтөбе облысында бір облыстық, бір қалалық және 12 аудандық мәслихат; оларда барлығы 203 депутаттық орын қарастырылған: облыстық мәслихатта – 34, Ақтөбе қалалық мәслихатында – 30, аудандық мәслихаттарында – 139 мандат.

Облыстық мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланады: депутаттардың 50%-ы партиялық тізімдер арқылы, ал қалған 50%-ы бір мандатты аумақтық сайлау округтерінен сайланады. Қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтерінен сайланады.

Бүгін, 14 қазанында, 185 округтік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады.

Округтік сайлау комиссиялары заңнамалық талаптарға сәйкес кандидаттан құжаттарды қабылдайды, тіркеу жұмыстарын жүргізеді.

Мәслихаттарға сайлауға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады; тіркеу 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады.

Округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы ақпарат жергілікті БАҚ жарияланады және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

Дата публикации
14 октября 2026