Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.

2026 жылғы 13 қазанда Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Ақтөбе облысының аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Аумақтық сайлау комиссиялары облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мәслихат сайлауларын өткізу бойынша алғашқы отырыстарын өткізді.

Отырыста Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.



Ақтөбе облысының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2026