Ақтөбе облысының
ауылдық округтер әкімдерін
сайлау қорытындылары туралы – 13.09.2026
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйекте 5 ауданда (Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар, Хромтау, Шалқар) 8 ауылдық округтер әкімінің сайлауы өтті: 6 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 2 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
Оған 5 аумақтық және 15 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
8 сайлау округі бойынша 30 кандидат ұсынылды: 3 (10%) «AMANAT» партиясынан, 1 (3,3%) «Respublica» партиясынан, 26 (86,7%) өзін-өзі ұсыну.
23 (76,6%) - мемлекеттік қызметшілер, 3 (10%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 (6,7%) - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 2 (6,7%) – уақытша жұмыссыз.
Тіркеуге дейін 1 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, 2 кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбағандықтан тіркеуден бас тартылды. 4 кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанан кейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады.
Сайлауға 23 кандидат қатысты.
Сайланған әкімдер: 3 - мемлекеттік қызметшілері, 2 - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 1– уақытша жұмыссыз.
3 – «Әділет» саяси партиясы, 1 «Respublica» партиясы, 4 - өзін-өзі ұсынды.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 39 жаста, ең кішісі 25 жаста, ең үлкені 49 жаста.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.