Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындау туралы хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындау туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 5 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 8 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауды 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындады:

 

  1. Әйтеке би ауданында әкімдер сайлауы:
  • Ақтасты ауылдық округінде
  • Жабасақ ауылдық округінде

 

  • Қарғалы ауданында әкім сайлауы:
  • Ащылысай ауылдық округінде

 

  • Мұғалжар ауданында әкімдер сайлауы:
  • Еңбек ауылдық округінде
  • Жұрын ауылдық округінде

 

  1. Хромтау ауданында әкімдер сайлауы:
  • Көктау ауылдық округінде
  • Тассай ауылдық округінде

 

  1. Шалқар ауданында әкім сайлауы:

      1) Айшуақ ауылдық округінде

 

         Бүгін 2026 жылғы 5 тамызда 5 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 8 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 6 тамыздан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

 

Дата публикации
05 августа 2026